Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 23:05

Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның Халық әртісі атағы берілді

Димаш
Фото: из открытых источников

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен халықаралық эстрадалық әншілер фестивалі аясында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қырғызстанның Халық әртісі атанды.

Бұл мәртебелі атақ оған Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Жарлығымен берілді. Марапат әншінің екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуға қосқан үлесі мен достық құрметіне орай табысталды.

Қуанышты жаңалықты әншінің әкесі Қанат Айтбаев әлеуметтік желіде бөлісіп, былай деп жазды:

«Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен халықаралық эстрадалық әншілер фестивалінде Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Жарлығымен Қазақстанның Халық артисі Димаш Құдайбергенге екі ел арасындағы достық құрметіне Қырғызстанның Халық артисі атағы берілді.

Рахмет, Қырғыз елі! Екі елдің достығы мәңгі болғай!» – деп жазды ол.

Еске салсақ, Димаш Құдайберген осы фестивальдің арнайы шақырылған құрметті қонағы болды. Ол Ыстықкөл жағасындағы халықаралық сахнада өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.