Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 27 Қазан 2021

Димаш Құдайберген «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына лайық

None
None

Жуырда әлеуметтік желіде фольклортанушы, халық әндерін орындаушы, әнші Берік Жүсіповтің осындай ұсынысы жазылды.

Айтса айтқандай-ақ, бүкіл Қазақстанға танымал, тіпті әлемге белгілі болған әншіміз Димаш Құдайберген осы атаққа әбден лайық. Әлем жұртшылығы қазір Қазақстанды Димаш арқылы біледі десек, артық айтқандық болмас. «Әлі жас қой» деп те айтылуы мүмкін. Марапат пен атақ жасқа қарамайды.

1936 жылы Мәскеуде Қазақстанның әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өткеннен кейін әнші Күләш Байсейітоваға КСРО халық әртісі атағы берілді. Сонда Күләш 24 жаста болатын. Немесе менің жерлесім атыраулық Маржан Енбаеваға 1951 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сол кезде ол 23 жаста ғана болатын. Осыдан кейін «Маржан қыз» әні дүниеге келді. Әлі де әншілер, тіпті жай ғана әнсүйер қауым ерекше ықыласпен осы әнді орындауда.

Жалпы еңбекті бағалап, марапат пен атақ беруде Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері «сараңдық» көрініс беруде. Әйтпесе әдебиет пен өнер саласында айрықша еңбектері бар, халқының сүйіспеншілігіне бөленген тұлғаларымыз жетерлік.

Марапат та, атақ та өнер мен әдебиет саласында жүрген тұлғаларға мезгілінде еңбегіне сай берілсе, оларды жігерлендіреді, жаңа биіктерді бағындыруға құлшындырады.

Руханият саласында жүрген адамдар ерекше жандар ғой. Олардың еңбегін бағалап, қошеметтеп отыру – өз ұлтымызды құрметтеу және солар арқылы қазақты әлемге таныту деп түсінген абзал.

Ал Димаш ең жоғары атақ – Қазақстанның Еңбек Еріне әбден лайық.

Ибатолла СӘТЕНҰЛЫ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Атырау облысы

Исатай ауданы

Тегтер: