Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:30, 15 Шілде 2023

Димаш Құдайбергеннің «Together» клипі Чехияда рекорд жаңартты

None
None

Чех музыкалық телеарнасы OCKO.TV Димаш пен Әбілмансұр Құдайбергеннің «Together» бейнебаянын ТОП-20 үздік музыкалық бейнелердің дауыс беру тізіміне енгізді, , деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Dimashnews.com клип бесінші апта қатарынан бірінші орында тұрғанын мәлімдеді. 

Чехиядағы алғашқы «ÓČKO» музыкалық телеарнасы 2002 жылдың 1 қазанында эфирге шыға бастады. Телебағдарламаның негізгі бөлігін отандық және шетелдік орындаушылардың бейнеклиптері құрайды. Сондай-ақ, арна эфирінде концерттер мен ән чарттары көрсетіледі.

Димаш Құдайберген алғаш рет Чехия телеарнасында 2021 жылдың 10 ақпанында өзінің «Golden» музыкалық бейнебаянымен таныстырылды.

Тегтер: