Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:05, 29 Тамыз 2022

Дін саясаты бойынша өңірлерде жұмыстар атқарылуда

None
None

Дінге қатысты теріс ұғымдар мен теріс ағындар бүкіл әлем бойынша басты мәселенің біріне айналғанына ұзақ уақыт болды.

Дінді қалай теріс бұрсақ, сол ай жастарды теріс ағымнан құтқаруға елімізде барынша жұмыстар атқарылып келеді.

Осы орайда, Қазақстанның елшісі Түркия дін істері басқармасының төрағасымен арнайы кездесу өткізіп,

Мемлекеттік дін саясаты бойынша ақпараттық-түсіндірме шараларын жетілдіру жұмыстары бойынша,  өңірлердегі тұрғындардың расындағы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жетілдіру барысында өңірлік АТТ мүшелереі қажетті шараларды қабылдап келеді. Мәселен, Қызылорда облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен жылда «Мемлекеттік дін саясаты бойынша ақпараттық-түсідірме шараларын жетілдіру жолдары» тақырыбында кездесулер өткізіліп келеді.

Әрі еліміздегі дін саясаты барлықдіни мекемелерді қатаң түрде бақылап келеді.  Дін жағынан шектеу қойылмаса, азаматтардың дінге деген құқықтары жүйелі түрде бұзылып, діни бірлестіктердің қызметі шектелуіне алып келуде. Одан бөлек мемлекеттің бекіткен зайырлылық ұғымдары елдің плбралистік діни ландшафтына сәйкес келмегендіктен, дін саясатының сәтсіздігіне алып келеді. Сол себептен де, өңір-өңір бойынша дін саясатына қатысты жұмыстар атқарылмаса, діннің өршу қаупінде жүрміз.

Осыған орай, Маңғыстау облысында Маңғыстау аудандық ішкі істер бөлімінде аудандағы діни мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары өткізілуде.  Ауданның бас имамы Құралбай Амалбайұлы аталмыш тақырып аясында кең көлемде баяндама жасаған болатын. С

ондай-ақ кездесубарысында мектеп оқушыларының дінге деген көзқарастары туралы айтылып, тақырыпқа сай арнайы таратпа материалдар беріліп, дінге қатысты зңдылықтарды түсіндірді.

Одан бөлек, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетімен біріге отырып, биылғы жылға арнайы жоспар да құрастырған болатын.

Ал минисрліктен бөлек, Түркістан облысында терроризмге қарсы комиссия құрылып, аппараттың ұйымдастыруымен діни экстремизм, теріс діни идеологиясының алдын алу мәселелері бойынша, мәжіліс отырысы өткізілді. Ондағы күн тәртібінде облыс аумғындағы діни тұрақтылықты сақтауға қатысты тұрғындар мен жастар арасындағы теріс діни идеологияның таралуының алдын алу жөнінде кеңінен тоқталып, бірқатар мәселелер қолға алынған болатын. әсіңресе, жастар арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитетін қалыптастыра отырып, ғаламтор желісіндегі қауіпті ақпараттардан сақтандыруда насихаттық шараларды күшейту көзделді. Аталмыш тақырып асында ұйымдастырушы дін өкілдері мен қатысушылардың арасында пікірталас жүргізілді.

Дәл осындай жиын Атырау облысы Дін істері басқармасының және «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы  Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы Жадыра Сариевамен кездесу өткізген болатын. бұл кездесуде де дінге қатысты, теріс діни ағымдар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Дінге қатысты жиындар өңірлік кітапханаларда да жалғасын тауып келеді. Ал ондағы басты мақсат – оқырмандарға діни тәрбие берумен қатар бір Аллаға сенімдерін арттыру, дінді уағыздау арқылы имандылыққа, тазалыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу болып саналады.

Еліміздің дін саласындағы саясаты – конференция аралық келісім мен діни ахуалдың тұрақтылығының кепілі саналады. Сондай-ақ ел аумағындағы барлық діндердің теңдігін қамтамасыз ету мақсатында әділеттілік қағидаты мен дінаралық татулық санасын қалыптастыру мәселесі мемлекет үшін де, адамдар үшін де, жастар үшін  де маңызды саналады.

Тегтер: