Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:56, 21 Мамыр 2020

Динара МӘЛІК: ГҮЛДЕР ӨЛЕҢ ОҚЫП ТҰР КӨШЕЛЕРДЕ...

                  ***

Қас-қағым сəт суынып,

Қас-қасым сəт жеріндім.

Бір күнде жүз туылып,

Есейе алмай егілдім.

Таңмен тұрсам – басқамын,

Кеш қарайса – күйім жоқ.

Көктем туған жастамын,

Күзге жүрмін үйір боп.

Құмда туған қыз едім,

Мұңға айналып кеткем бе?

Сүйді ме екен мұз ерін,

Жұпарымды төккенде…

Жалғыз аяқ жолымды,

Жырмен келді түгескім.

Түгендемей жоғымды,

Ойларыммен бір өстім.

Сүймей өткен күнім көп,

Сағынбауға жоқ халім.

Өз-өзіммен күбірлеп,

Өзімді ала ақтадым.

Тағдырыммен ойнайды, ə?

Мың бір дауыс ішімде…

Ақын ғой деп ойлай ма,

Əйел кейіп пішінде…

… Жаңбыр иісі еніпті,

Жастығыма, бөлмеме.

Өлең жазып кетіпті,

Оқиыншы… үндеме.

     ***

Қайда кетіп қалсам екен үндемей,

Көлеңкесі көрінбейтін сүлдедей…

Жапан түзде, шытынаған шатыры,

Жан дүнием қаусап қалған бөлмедей.

Тас боп аунап, табанымда тіршілік,

Азынайды кеудемде жел күрсініп.

Жүрегімнің терезесін қымтаймын,

Бәлкім, қазір күлер ме екен Күн шығып?!

Неге маза бермей қойдыбұл шағым,

(Әңгімеден, әуеннен дешаршадым)

Ән тыңдасам, әннің бәрісен жайлы,

Сабырсызға салмақболар мұнша мұң.

Аппақ қарды, қолдабарды мадақтап,

Жымиюға құлықсыздаутаң атпақ.

Өтіріксіз өмір дәмдіболар ма,

Шындығымда өлең қалсынтұрақтап!

                         ***

Қабағы ашылмайаспанның,

Күні жоқ көктемдей босқалдым.

Көп нүкте күбірлепішімде,

Жап-жаңа сөйлем бопбасталдым.

Жая алмай ізгі өмірқанатын,

Түнекке тығылыпалатын.

Уақыттар жетелеражалға,

Аңсарға күн бар мақонатын?!

Бір от бар жанымдасөнбеген,

Сол шығар кеудемдітербеген.

Көрмеген ғасырды сағынам,

Кезімді өміргекелмеген.

Әйтеуір сағынышмеңдеген,

Дауысын аңсадым«кел» деген.

Алысқа кетсем деаттанып,

Алыстап кетпейдіЖер-менен.

Өкініш іздемейтағдырдан,

(Жаратқан жырыма жарқылған...)

Мезгілдер мені ескеаларсың,

Күлкісін көктемгеқалдырған…

***

Көгершін-ау,бүлкілдеген тамағы,

Мынау тағдыр қайдаұзап барады…

Жем іздегентіршілікпін менде бір,

Болмайды мажүректердің қалауы…

Есеюге Өлең бе екенасыққан,

Есеюге Өмір ме екенжасытқан.

Сөмкемдегі түйір дəнімтаусылып,

Мен өзіңді бақылаймыналыстан…

Түймедейін көздеріңе түйреліп,

Түрлі өмір жатқан шығар иленіп.

Бейбіт Əлем нұрын төге салса ғой,

Жердің үсті бір ғажайып күйге еніп.

Күн сəулесін көпсініп те аласың,

Қанатыңды əлсін-əлсін қағасың.

Секем алып селт еттің ғой сеземін,

Сен де бəлкім бір «сәбиге» анасың.

Өзімде үйде, қос көгершін қонақтап,

Отырады ошағымда алақтап.

Жел тигізбей жүздеріне жүрсем ғой,

Тонар болсаң, дүниемені тонап бақ.

Аңсағаны болар бір күнқұлдың да,

Шөлім қанып жүребермес бұл-мұңға.

Жылап жүрмей, жырлапөтсем деп едім,

Құлап кетпей тұрғанкезде құрдымға!

***

Тірлік сені қайтер екем қас-қылған,

Баяны жоқ лəззəтіңмен дос қылған.

Əр тамшыға алақанды жаямын,

Шабыт жауып тұр ма екен деп аспаннан…

Əр бұтақтың басып қалып пернесін,

Жаңбыр… жаңбыр...қай мұңымды шертесің?…

Таңнан бұрын жетіп келіп сол бір жан,

Сөйлетпей-ақ, үйретпей-ақ өртесін!

Бірге тыңдап бұл жаңбырдың əуенін,

Айдан жарық ашылса ғой əлемім.

Соған ғана тəуелді боп тұл-басым,

Сезінбесем ешбір жанның керегін.

Дүниенің адыра қалып жарқылы,

Табанымда жатса деп ембар-құны.

нөсер болып тынар едімтөгіліп,

Ести алсаң сол сəттіңде бар тілі!

Сеземісің нені аңсайдыбұл-жаным,

Есінде ме қашан қайкез тоңғаным?..

Мен өмірді сүйгенімжоқ… сүйгенім-

Құстай ұшып, құшағыңа қонғаным!

***

Не деймін жанымсаған?…

…Сағынып қалдым десем,

Күйімді көресің бе?

Көктемде тоңдым десем,

Мейірім төгесің бе?

Оңаша жүрмін десем,

Іздеп кеп табасың ба?

Сенсіз-ақ күлдімдесем,

Қызғанып қаласың ба?

Ұмытып бар кінәңді,

«Сүйем» депсыбырлаймын.

Сен тыңдар сол бірәнді,

Мен айтып ыңылдаймын.

Ертең-ақ, келердеймін,

Еңсемді түсіре алмай…

Жүрек боп елеңдеймін,

Өзімді түсіне алмай…

***

Мен де бір кез бақытболып ерігем,

Уақыт мені жұтып алдыдемімен.

Көңіліме көлеңкелер көптүсіп,

Жылай алмай егілем…

Сосын бір кезеркеледім, еліктім,

Жетегіне ертіп алдыжелік-күн.

Мен далаға ұқсағым кепбір сәтте,

Дархан болып кетіппін.

Ал, сырымды аппақбұлтқа төгіппін,

Ақ жауыннанкөз-жасымды көріппін.

Өлең менен адалдықтыаңсар деп,

Жырға айналыпжүріппін!

Көкірегіме Көктің нұрыенгесін,

Досқа сендім, досыммаған сенгесін.

Тағдыр-анам, аялар депойладым,

Қонағы боп келгесін!

… Адамдарды сақтарардың күші екен,

Қалған ғұмыр бірғажайып түс екен.

Ұшу үшін жаралмағанжердегі,

Қанаты бар құс екем…

* * *

…Мұңайып жүрмінбілдірмей,

Үмміттің отынсөндірмей.

Өзіңмен болғанбал-шақтар,

Өтіп бір кетті біркүндей.

Жымиып жүрмін қуанбай,

Бақыттың күні туардай.

Айта алмай жүрмінардақтым,

Айтқызбай келіпұғардай!

Сездірмей жұмбақсырыңды,

Жүрегің кімге жылынды.

Өзіңсіз қалай өткізем,

Ұп-ұзақ мынау ғұмырды…

Күлімдеп жүрмінкүйзеліп,

«Сүйемін» деші, сөзберіп!

Көктем боп жүргенкөркіме,

Қонақтап алды күзкеліп…

***

Енді мүлде ойламаймынсен жайлы,

Енді өзімді аямасамболмайды!

Сезім сөйлеп тұр ғойшашым, тәнім де,

Аз ғана күн ақыл негеқонбайды?!..

Аз ғана күн тағдыржайлы толғанып,

Сосын… сосын табар маекем жолды-анық.

Ешбір маңда сен жайлысыр шертілмей,

Саған өлең өрілмесеарналып.

Аз ғана күн сабырқонып сертіме,

Жібермесін, сосынмейлі еркіме.

Тым байсалды, тымбайыпты қалыппен,

Өзім жанып кете беремөртіме!

Естеліктер есі кетіп,күледі…

Ұмытудың жоқ дейді ме,бір емі.

Нөміріңді өшірдім ғой,өмір-ай…

Саусақтарым неге жатқабіледі?...

Ай ішінен бақ көрем демүлгіген,

Сезімімді сонда өмірсүрдірем.

Ақырғы рет қол ұстасыпжүрем де,

Алғашқыдай құшақтасыпүлгірем…

***

Жапырақтан сырғанап мөлдір-өлең,

Үзіле алмай, ұшында үлбіреген,

Сезім бе екен, күзбенен аласұрған,

Өзім бе екен, үмітті өлді деген?!

Жүрегім құс-әнінен жараланған,

(Құстар да жаңылмапты сара-жолдан)

Гүлдер де ұшып кетсе жылы жаққа,

Сары күз, сағынам дептонап алған.

Талдар да тәкәппар-аубұрылмайды,

(Жапырақтар сезді ме,бұрын-қайғы).

Бір ғана түн...қурауғажетеді екен,

Жерсіз сосын… жаныңда жылынбайды…

Бұлттардың әжім торлапақ жанарын,

Жанға батты-ау, бірөкси алмағаның.

Ақ нөсер төгілсең ғойсезер едің,

Жүректерде тыныштықорнағанын.

Жазмышым жазылған соңмаңдайыма,

Арманның сенер ме екемайғағына!

Жалғыз түйір тамшы бопқона қалдым,

Шөлдеп тұрғанжалғанның таңдайына…

***

Аппақ қар ериді ернімде,

Сен құсап сүйісе алмайды…

Бақытқа келмейді сенгім де,

Білем ғой баяны болмайды…

Аппақ қар құлайды кеудеме,

көгершін-көңілді алдайды…

Дірілдеп тоңады гүл-дене,

Сен болып жылыта алмайды…

Аппақ қар арманым үзілген,

Дем болып жер бетін еріткен.

Сен еріп келердей ізімнен…

Қарайлай беремін неліктен?!

Тұншықты тағдырым жанарда,

… Ол мені аңсайды түбінде!

Сол кезде мен сөйлейалам ба,

Ол білген махаббаттілінде…

***

.… Кетем деп ең, әлікеткің келе ме,

Аңсарыңды ұмытып…

Кетер болсаң ләззатыңа бөлеме…

Сөнер мейлі бір үміт!

Бұл үміттің өмір сүрген кезі жоқ,

Өз сәулесін таппаса.

Әйелдердің арманынан сөзі көп,

Мен де бәрі басқаша!

Кетем десең, жыламайтын шығармын,

«Дұрыс» дермін өтірік!

Үнсіз ғана құшағыңа құлармын,

Ұмытуға бекініп…

***

Қиялым қай жаққа шақырдың,

Жүрекке мұң дәмін татырдым.

Жырың боп төгіліп тынсам ғой,

Кімің боп сағынып отырмын…

Бал ернін сүйгізсе шекер-күн,

Өзіңдей жаныма жетер кім?

Бақыттың бәрін де жатсынып,

Кімің боп кездесер екенмін?

Желдің де лебінен мұздамақ,

Өмірде қонар ма қызға бақ?

Өз дертін өзіне өрт санар,

Жұп-жұмсақ жүрегін жұлмалап…

Көңілдің көйлегін шеш, келіп,

Өлеңде қалдырып естелік…

Ақылды болып та адастық,

көрейік сабырдан сескеніп!

***

«Cүйем» деп, «күтем» деп жүргенде,

Сағынбай қалсаң ше бір күнде?

Шын айтып, сыр айтып тұрмасаң,

Солатын кезі бар гүлдің де…

Ал, кейін суынып кетсең ше,

Алыстан асығып жеткенше.

Қызғаншақ көзімді жылатып,

Дәл мендей өзгені өпсең ше?..

Қайтер ем өзгерсе ниетің,

Жолың бар бағытын білетін.

Көңіл деп, өзім деп ақталып,

«Жарым» бар, десең ше, сүйетін?

«Сүймеген екем» деп шегінсең,

Тұрақсыз талғамға берілсең.

Жарымжан жүректі сүйретіп,

Кім ұғар еске алып егілсем…

Болса ғой сүймеуім еркімде,

Сезімім көктемнің көркінде.

Сен жайлы бейкүнәарман бар,

…Дәл солай болуымүмкін бе?

***

Бұл аяулы азабымды сөкпегін,

Жермен туыс, жанға жылы Көктемін.

Маған аян, қара түннен қаша алмай,

Табанында сағыныш боп шөккенің.

Сен кеткен күн басылмады бұл нөсер,

Саған қарай салмағы ауыр мұң көшер…

… Ас үйімде еңғажайып армандар,

Оңашада өзің болыптілдесер.

Өлең жазып жүр екенмінауаға,

Сен жүретін жолдарменен қалада.

Күрмелемін терезегежаутаңдап,

Сен де шара, мен деамал қалмады, ә?

Әрбір сәттен өміраулап келеміз,

Сол шақтарды шаңжуытпай өбеміз.

Бәрін -бәрін түсінеміздеп алып,

Өзімізге жетпейқойды-ау өреміз.

Ақыл табар тапса мұныңбір-емін,

Моп -момақан күй кешерме жүрегім?

Таңмен бірге тап-тазабоп жет ұшып,

… Сен де қазірсағындың ғой білемін…

***

Қателестім… Өкінгенім жоқ бірақ…

Кездесті ме, есімде жоқ көп сынақ.

Қиялдағы тағдырымнан қайғысыз,

Осы күнім әлдеқайда жақсырақ.

Сабақ алу «абақтыға» қамалу,

өтірігіңе қайта келіп оралу.

Ішімдегі бұл бейбаққа шынымен,

керек шығар бір емшіге қаралу.

Осы дерті ұнайтындай өзіме,

естимін де түсіп алам ізіне.

Балдай тәтті ете саларбір демде,

Ащы жасым үйірілсекөзіме.

Алақанын жайып сарыжапырақ,

Күзбін ғой деп қайырсұрап отырад.(ы)

Көрмегендей таптапбара жатамыз,

Біз екеумізмұңын-сырын оқып-ап.

Кешегі күн келмесімдейкөрініп,

бүгінгі күн босағамнанбөлініп.

Бара жатам қара жолдакүбірлеп,

жанарымнан жапырақтартөгіліп…

***

Мына жылдар, мына күндер,

Бір нүктеге айналған.

Көңілсіздік сынай күлген,

Түн көзіне байланған.

Алыс… алыс арман қайда?

Жымиып ап ертетін.

Енді өмір жалғанбай ма?

Сөйлемей ме келте күн?

Дəл осылай болды неге?

Əділсің бе, тағдырым?

Жалғыздықтан тоңды деме,

Кешірдім ғой барлығын.

Бұйығылау жарым үнсіз,

Нелер түсті есіне…

Болмаса деп жырым нұрсыз…

Қалдым ба екенкешіге…

Өз-өзіммен назданамын,

Келіп мені ұғардай.

Көлеңкемменқозғаламын…

Көңілімді сұрардай…

Ақылдылау кейіпте жоқ,

Ақымақпын əдемі.

Жүргім келді сүйіктібоп,

Мейірімге дəмелі…

Ұп-ұзааақ Түнкүлімдейді,

Əлде жылап тұр маекен.

Солқылы дабілінбейді…

Сырласты ма гүлменен.

Қызғанышым діретеді…

Түнді қалдыр түнімді.

Жалған рас па шынекені,

Сатқындығы білінді…

Еее, Тəйірі өміркөшер,

Уақыт та ғой лазатым.

Аялда аз… сезім деөшер…

Жырым бар ғой жазатын!

* **

Көктем кеп, көк майсасын төсеген бе,

Гүлдер өлең оқып тұр көшелерде!

Мезгілсайын жүрегім жайқалады,

Қанша көктем қалды екен пешенемде?!

 Көктем кеп, көгерткен бе айналаны,

Қыз-ғұмыр қыр басында ойланады.

Көбелек-көңіл құрғыр алып-ұшып,

Көктемнің бұрымына байланады.

 Гүл-әлем, шымылдығын ашқаны ма,

Көркемдік, қонап алды аспаныма.

Түннің ғана исі шығушы еді-ау,

Күннің исі сіңіпті шаштарыма!

 Шынымен, қанат бітіп ұшқаным ба?

Ғашық боп қалсам қайтем, қас-қағымда?

Әр сәулесін кеудеме құйып тұрмын,

Айырбастап ала алмай басқа мұңға.

Көктем кеп көк майсасын төсеген бе,

Гүлдер өлең оқып тұр көшелерде!

 ***

Туған жердің салқын тартқан құшағы.…

Жат көре ме баласын.

Таныс аула табанымнанқұшады,

Жасыра алмай наласын.

Ауыл -сырқат, түксиедітүнеріп,

Шұрқ тесік шапанынаоранып.

Сəби-жүрек əлди-əуентіленіп,

Қайтып барамтоналып…

Құрты қайнап,пісілетін күбісі,

Берекесі безгені меүйімнен.

Əжемнің де баяулаптыжүрісі,

Демін əзер алады екіиінінен.…

Көркем келінжүретін-ді күлімдеп,

Қала дейтін достасыптыдүрмекпен.

«Кір-қоңымдыкөрші жуды бүгін кеп,

Тірі ме деп бассұғыпты көрмекке.

Ұйықтағанда алса Аллақинамай» —

дейді әжем көзжасынсыз күрсініп.

Атам сиған шаңыраққасимады-ай,

Бұл үйдегі қайнапжатқан тіршілік.

Арқаңа сап өсірдің ғойбіздерді,

Көз-көргенніңкөңілінде жүр әлі.

Жылап алып, жүрмізқазір түзде енді,

Қайтейін, әже, кеудемөксіп тынады.

Қос жанарын көлегейлепқолымен,

Көп қарайды іздегенінтабардай.

Қара күздің сүреңшексіз жолымен,

Кездесуге шалы келіпқалардай…

Диалог

— Қара жер алшымені құшағыңа,

Пенде ғана пендені құшады ма!

Күлкімді көз жасыма құйып алдым,

Күбірлер аяғымды тұсады да.

Қара жер саған ғана сыңар едім,

Адамдарға аярлы сұрақ едім.

Өзің ғана көтеріп бар күнәмді,

Өзің ғана табасың бір-ақ емін!

Жер-Ана тапшы менің қалауымды,

Қара түн жасырады қаламымды.

Ақ қағаз менде сендей аппақ едім,

Бақытым қайда қалды бала күнгі?

Әлдименен тербетпес бесігіңді,

Өмірдің сүйрейді екен көші кімді?

Сенен ғана көре алам кеңшілікті,

Сенен ғана сұраймын кешірімді.

Қара жер қабағыңнан айналайын,

Топырақ боп төсіңде ойланайын.

Жұлдыздар жыр түсінсе жетер маған,

Жібектей сәулесіне жалғанайын!

Қара жер бұршы маған назарыңды,

Сенде жатып естиін ғажап үнді.

Құшағыңнан тарыдай орын сыйла,

Тастап кетем тіршілік тозағымды!

— Тамшы боп жанарыма түнегесін,

Жан едің ғой қарағым білер есін.

Құрсағына сиғансың тар өмірдің,

Анаң байғұс арыңды тілегісін.

Алла білер ақсың ба қарамысың,

Сен де бір Ақжауынның жанарысың.

Тамшыны жел әкетер бағытымен,

Өмірің қайда ұзап барады шын?

Өмір саған келмеген күйік үшін,

Сенде бір топырақтың түйірісің.

Мен үшін көп күнәнің біреуісің,

Аспан үшін арманның биігісің!

Қанша рет қан кұйылды жүрегіме,

Пенде біткен күйімді тіледі ме?

Жапырақтар құлайды мезгілімен,

Қара жердің қадірін біледі де…

Ием маған сыйлаған кеңшілігін,

Адам маған қимайды бір шыбынын.

Жүрегіме сәжделер жайылады,

Аллаға аманаттап құлшылығын.

Мен солай бар күнәмен қоштасамын,

Таңертең таңмен бірге басқашамын.

Кең болу сүю екен – Жаратқанды,

Аппақ аппақ тілекпен астасамын.

Кеше емес пе үмітпен түлегенің?

Бұл қалай күдікпенен жүдегенің?

Сендегі сағынышты басу үшін-

Мендегі сабырлықты тілер едім.

Түнерсең мен де бірге түнеремін,

Тыныштыққа қонатын тілек едім.

Сендегі өкінішті өртеу үшін —

Мендегі мейірімді тілер едім.

Бақытқа бастар жолды өткел етіп,

Өмір сені жүр ме екен өкпелетіп?!

Жанарымнан бір тал гүл үзіп ал да,

Шашыңа тағып алшы көктем етіп!

P.S.

Жер-Ана сөйлеп тұрды сағынышпен,

Көкпенен Жерге ғана бағынышты ем.

Жасымды жұтып алдым, күліп тұрып,

…Өртеніп кетер ме екем жанып іштен…

Тегтер: