Діни экстремизмге қарсы күрес жүргізілуде

Жетісу облысында «Қауіпсіз ел» жобасына сәйкес, есірткі, нашақорлықпен күрес, ұлттық қауіпсіздік, қылмысқа қарсы күрес, діни экстремизм мен терроризмге қатысты жұмыстар атқарылып келеді.
Яғни жыл басынан бері діни экстремизмге қатысты Жетісу облысы Ақсу ауданы Б.Сырттанов ауылдық кітапханасында «Терроризм – ХХІ ғасыр қаупі» атты ақпараттық сағаты өткізіліп, онда клуб қызметкері діни экстремизм мен терроризмнің әлеуметтік зияны мен қаупі туралы түйткілді мәселелер қозғалып, кітапханашы жадынама туралы оқырмандарға айтып өтті.
Сондай-ақ мектептерде Жетісу облыстық Білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесініне қарасты Х.Хамраев атындағы орта мектебінде «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» тақырыбында апталық сабақтар бойынша «Діни экстремизмге жол бермеу – басты міндет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ондағы басты мақсат – білім алушыларға қазірден бастап салт-дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек діни ағымдармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесіп, діни наным-сенімдердің пайда болуы мен зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып, әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту болып табылады. Одан бөлек, Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді аудандық білім бөлімінде де кәмелетке толмаған жастар арасында әлімжеттік және құқықбұзушылық, есірткіге қарсы күрес, діни экстремизмнен аулақ болу турасында ашық әңгімелер жиі өткізіліп тұрады. Бұл жасөспірімдердің қылмыстық іс-әрекеттерінің алдын алу жолдары мен «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыптарында бүгінгі күндегі жасөспірімдердің арасында жиі орын алатын қылмыс әрекеттеріне тоқталып, оқушылар арасындағы ақша жинау, ұрлық жасау, әлімжеттікке, есірткі тұтынуға қатысты қандай жаза қолданылатындығы айтылды.
Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы әкімшілік жіне қылмыстық құқықбұзушылықтыңалдын алу мақсатында Жетісу аудандық ПБ ювеналдық полиция инспекторлары «Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында дәрістер өткізіп келеді. Онда полиция инспекторлары балаларды ұрлық, алаяқтық, қорқыту сияқты қылмыстық құқықбұзушылықтың жиі кездесетін фактілерімен, сондай-ақ қылмыс жасаған мектеп оқушыларын есепке алу туралы таныстырылым жұмыстарын жүргізді.
Діни экстремизмді оқушыларға түсіндіруден бөлек, қазір облыс көлемінде прокуратура туралы жаңа заң жобалары халыққа кеңінен түсіндіріліп келеді. Мәселен, жуырда ғана Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев «Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңның нормаларын халыққа түсіндірді. Бұл заң биылғы жылдың 5 қарашасында қойылған заң аясында өткізіліп, Қазақстанның даму тарихында прокуратураның қызметін реттейтін нормативтік акт тұңғыш рет Конституциялық заң мәртебесінде қабылданды. Жеке Конституциялық заңның қабылдануы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына айтқан бастамасының іске асырылуы болатын. Бұл прокуратураның құқық қорғау қызметін нығайтуға, елдегі жоғары қадағалау мен заңдылық құралдарын күшейтуге бағытталған. Конституциялық заңмен Бас прокуратура алғаш рет конституциялық сотқа Конституцияның 72-бабы 4-тармағының тәртібімен конституция нормаларын, ратификацияланғанға дейін халықаралық шарттар мен нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарау болып табылады.
Прокурор Мадияр Басшыбаевтың түсіндіруінше, жоғарғы сотқа азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер мен әкімшілік құқықбұзушылық істері бойынша сот практикасы мәселелері туралы соттарға түсініктеме беру бойынша жүгіну құқығы берілгенін айтады. «Бұл номеллалар прокуратураның заңсыз құқықтық актілерге наразылық білдіру мен оларды сот тәртібімен жою жөніндегі өкілеттіліктерін азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтеді. Сонымен қатар прокуратура органдарының тексеру негіздерін анықтайтын норма айтарлықтай өзгерген болатын. Мәселен, кәсіпкерлік субъектілер мен кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғап, тексеруге тағайындау үшін қосымша негіз болды. Прокуратураның адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі нақтыланды. Бұл прокуратура адам құқықтары жөніндегі өкілмен өзара іс-қимыл жасап, оның қызметіне көмек көрсетеді. Сол арқылы қылмыстық жолмен алынған кірістерді қайтару мәселелері бойынша мемлекет мүдделерін білдіру шеңберінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізетіндігін анықтайды», – дейді Мадияр Басшыбаев.
Алдағы уақытта облыс тұрғындарына құқықтық заңнамалар бойынша әлі де түсіндірме жұмыстары жалғасатын болады. Бұл әрине, халықтың қылмыстан, алаяқтықтан, діни теріс ағымдардан сақ болуына пайдалы ақпараттардың бірі саналмақ.