Діни сауат ашу курстарының маңызы зор
Ғұламалар зиялы адам қашанда, қоғамның қозғаушы күші екенін дәлелдеп кеткен. Білімі мен әдебі тоғысқан жан әрдайым ел құрметіне ие.
Ата- бабаларымыз ұрпағын үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, айналадағыларға ізеттілік болуды үйреткен. Бабалар өсиетін жалғастыру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жүйелі бастамаларды еңсеру үстінде.
-Балаларымызға имандылық тәрбиесін сіңіру мақсатында мешіттер жанындағы жазғы сауат ашу курстары жаңа екпінге көшті. Онда Құран әліппесі оқытылып, дін негіздері үйретіп қана қоймай, танымдылық ойындар ойнату әдісі қолға алынды. Бір жағынан бұл, жасөспірімдердің жазғы демалыстарын қызықты да, пайдалы өткізуге мүмкіндік туғызуда. Осындай шаралардың арқасында, жас ұрпақтың имандылыққа деген құлшынысын жыл сайын сезініп келеміз. Біз өрендердің ағартушылық бағытына да жіті көңіл бөліп отырмыз. Мәселен, былтырғы жылы «Мүфтият» баспасынан балаларға арналған «Әкесінің қызы», және «Мұнара» баспасы «Шынашақ» сериясын үзбей жариялап келеді. Былтыр тәуелсіздік 30 жылдығы қарсаңында «Азаттық балалар көзімен» тақырыбында республикалық көркемсурет байқауы өткіздік. Биыл да, балалар жылы аясында бірқатар шараларды ұйымдастырдық,-дейді Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы.
Баланы білімді, алғыр етіп өсіру-барша ата-ананың парызы. Асыл дініміз де, әке мен шешеге ұрпағын ғылым-білімге баулып, әдепті болып өсіруге нұсқаған. Бұл орайда, имандылық үйлерінің жанынан ашылған медреселелер зиялы ұландардың санатын ұлғайтуға айрықша үлес қосып отыр. Көңіл қуантатын жәйт, республикамыздың әр өңірінде имандылық, діни тәрбие беретін ошақтарының саны жыл өткен сайын көбейіп келеді.
-Жақын арада, Үштөбе елді мекенінде көлемі мен білім сапасы жағынан ірі медресе ашылады. Оқу орталығында шәкірттерге мектеп бағдарламасына сай орта біліммен қатар, тіл үйретіледі, әлбетте, діни дәріс жүргізіледі. Балаларға арналған бұл ағарту мекемесі «Нұр-Мүбәрак» Қазақ-Египет Ислам мәдениеті университетінің бөлімшесі болады. Осы жерде оқушылар жоғары діні оқу орындарына дайындалады. Мұндай медресе Әл-Машани атындағы мешіттің жанында да бар. Онда облыс орталығындағы және еліміздің барлық өңіріндегі колледждер мен жоғары оқу орындарында оқып жүрген 50 студенттің діни сауат ашып, рухани тағылым беріп оқытамыз. Жастар мамандықтарына сай диплом алып, жұмысқа орналасқанда, ұжымдағы әріптестеріне сыбайлас жемқорлыққа тәуекел шараларын алдын -алуға байланысты үлгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін болады. Ал, «Тегісжол» және Ростовка елді мекеніндегі медреселерде болашақта асыл дініміз жолында қызмет ететін ақылды әрі зиялы ел келешектері тәрбиеленіп жатыр,-деп мәлімдеді Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа.
Еліміздегі діни саясаттың келесі тармағы – мешіттерде діни сауат ашу курсын ілгерлету. Бұл міндет Қарағанды қаласындағы Бала қажы атындағы мешітте 15 жылдан бері тұрақты жүріп жатыр. Соңғы кезде курста ілім алып жатқанмешіт шәкірттерінің бойына қазақ халқының салт-дәстүрі терең сіңірілуде.
-Діни сауат ашу курсына қатысушылар біз арқылы медресеге дайындалады. Шәкірттерге дәріс беретін оқытушылардың білімі жоғары. Биыл қатарымызға жаңадан екі маман қосылды. Олар «Нұр-Мүбәрак» Қазақ- Ислам мәдениет универсиеті мен Бішкектегі діни университетті бітірген жас ұстаздар. Тағы ерекше айта кетерлік жәйт, балалар жылы құрметіне орай осы жазда сауат ашу курсына 80 бала жиналды. Осы қарқын келер жылы үзілмейді деген үміттеміз. Әсіресе, биылғы құрбан айт шәкірттермізге үлкен әсер қалдырды. Айт құрметіне орай, мешіт әкімшілігі демеушілердің көмегі арқасында балалардың әрқайсына сыйлық үлестірді. Мешіт ауласында ата дәстүрді жаңғырту ниетімен садақ ату, арқан тарту, қой көтеру байқаулары ұйымдастырылып, жүлдегерлерге бағалы базарлық табыс етілді. Ұрпақ санасына ұлттық салт-сананы сіңіру жұмысы бұдан әрі жалғаса бермек,-дейді мешіттің бас имамы Махммуд Нұрұлы.
Балалардың кемел келешегіне мән берген діни басқарма жаңа бастамаларды үйлестіруге әзір екенін жеткізді.