Діни сауат – сенімге кепіл
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2007 жылдан бастап әр өңірде медреселер ашуды қолға алды.
Қазір елдің 9 аймағындағы медресе, колледж түлектеріне мемлекеттік диплом берілуде. Діни басқарманың мәліметіне қарағанда, он алты жылдың ішінде 3134 шәкірт медресе тәмамдаған. Олардың арасында – 2405 ер, 729 қыз балалар арнайы діни оқу орынын тауысқан.
Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы жастарға білім берумен қатар, діни басқарма мен мешіттерге кадр даярлау ісінде медресе ұстаздарының үлесі зор екенін айтып өтті.
— Діни басқарма медресе түлектерін тұрақты жұмыспен қамтылуына және білімдерін одан әрі жетілдіруге әрдайым қолдау білдіреді, – деді ол.
Сонымен қатар дінбасы Астанада медресе колледждерінің директорларымен кездесу барысында алдағы уақытта Орта Азия медреселерінде оқытылатын танымал кітаптарды қолдануға назар аудару қажеттігін ескертті. Биылдан бастап діни басқарманың құрамындағы медресе-колледждерде «Алаштану» және «Тұлға тану» пәндерін оқыта бастайды. Бұл туралы жыл басында Наурызбай Тағанұлы осылай деп мәлімдеген болатын.