Діни теріс ағымдардан жастарды сақтау басты мақсат
Дін саласы жалпы күрделі сала болғандықтан, елімізде жастардың жат ағындарға еріп кетпеуіне орай, арнайы жұмыстар жүргізіліп келеді.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев азаматтық қоғам институтының дамуына аса қатты көңіл бөліп, жастардың бос уақытында есірткімен, нашақорлықпен, тіпті болмағанда теріс ағындарға өтіп кетпеуінде өңір-өңірдегі дін басқармалары көп жұмыс жасау керектігіне басымдық беру керектігін айтқан болатын. Сондай-ақ дін саласына қатысты еліміздің өңір-өңірлерінде атқарылып жатқан жұмыстарына тоқтала кеткеніміз жөн секілді. Біріншіден, Жамбыл облысындағы Өңірлік дін істері басқармасы мен дін проблемаларын зерттеу орталығы арнайы жиын өткізіп, онда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров қатысқан болатын. Ол тұрғындармен кездесу барысында «Жамбыл облысында 2022 жылы жеті жүзден аса үкіметтік емес ұйымдар жұмыс жасайды. Қоғамдық бірлестік өкілдері арқықылы өңірдегі басты мәселелерге көзім жетті. Сондай-ақ облыс жастарымен кездесіп, мемлекет тарапынан бөлініп жатқан гранттар мен жастарға қатысты жүзеге асып жатқан бағдарламалар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргіздім» деп әлеуметтік парақшасында пікірімен бөлісті.
Одан бөлек, дін істеріне қатысты өзге де өңірлердің жұмысына келсек, Қаратөбе ауданындағы мектеп-гимназиясында жасөспірім оқушылар арасында діни теріс ағындардың жастардың санасын кері әсеріне қатысты ақпараттық түсінік жұмыстары жүргізілген болатын. Кездесуде мектеп оқушыларына БҚО дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының арнайы тапсырысы арқылы дайындалған «Дін және дәстүр», " Ислам діні және зайырлылық ұғымы", "Қазақ ойшылдары дін туралы"', т.б бейнероликтер көрсетілген еді. Сондай-ақ кездесуде дін жанашырлары ислам дінінің рухани құндылықтары жайында толығырақ мәрімет берді. Одан бөлек, «Ислам тарихында да Муғтазила, Харажия, Карамия, Жахмия т.б ағындардың болғанын айта келе бұл ағындар ислам дінінің дамуына кедергі болғанын жеткізді. Ислам діні теріс пікір ойды құптамайды. Сондықтан да Мұсылман адам қателеседі. Алайда ағындардың қате пікір идеологиясы қоғамға әлі күнге дейін аса қауіпті болып отыр. Ағындар отбасы құндылығы және бала тәрбиесіне де кері әсерін тигізбей қомймайды. Теріс көзқарас адамды адасушылық пен тұйықтыққа әкеледі деп дін жанашыры сөзін түйіндеген болатын.
Ал жастардың санасынан бөлек қоғамға ірткі салатын дәстүрлі емес, теріс пиғылдағы діни ағындардан сақтандыру аясында Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі, Шыңбұлақ ауылдық клубында, ауыл тұрғындарымен«Жат ағын жастарымызды жарға жықпасын» атты жиында КММ-нің ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы Абделиев Рамазан Маратұлының қатысуымен кездесу өтті. Ондағы басты мақсат дініміз туралы көбірек мәлімет беру арқылы қоғамды тәрбиелеуде нағыз мұсылмандық діннің дұрыстығына сеніп, дәріптеу, тіршілікте оның асыл құндылықтарын дұрыс пайдалана білуге баулу болатын.
Дәл осы секілді діни ағындарға қатысты жастардың теріс ағындардан сақтандыру үшін елімізде түсіндіру жұмыстары көптеп жүргізіліп келеді. Әрі ақпарат ағынының дамыған заманында әрі ғаламтордың иянын гөрі пайдасын көру үшін жастарға арнайы дінге байланысты теріс үгіт-насихаттар таратылуда. Дінді толық білмегеннен жастар түгілі үлкендердің санасы өте тез уланады. Егер дұрыс жолын таңдап білмесе, теріс ағындар адамдарды адастыруы мүмкін. Соның ішінде дінге қатысты теріс үгіт-насихаттар көптің тағдырын талқандағанын көріп, естіп келеміз. Сол себептен, жастар дін туралы ақпараттарды ресми сайттардан ҚМДБ, ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы, Халифа Алтай мешітімен және мешіт имамдарынан нақты білгендері дұрыс.