Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:40

Дипфейк, дроппер, алаяқтар: елордалық оқушыларға цифрлық қауіпсіздік түсіндірілді

1

Астанада Экономикалық тергеу департаменті «Заң және тәртіп» нарративі аясында мектеп оқушыларына, студенттерге және әлеуметтік осал топтарға арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының сериясын өткізуде.

 Кезекті дәріс елорданың №115 орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларына арналды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Іс-шараға 400-ге жуық оқушы қамтылды. Дәрістің негізгі мақсаты — жастардың қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздіктің (жеке және мемлекеттік деңгейде) қаржылық әл-ауқаттың негізі екеніне көз жеткізу, қазіргі экономикалық жағдайда кездесетін қаржылық тәуекелдер туралы жалпы түсінік беру.

Кездесу барысында Астана қаласының Экономикалық тергеу департаменті аға жедел уәкілі Нұрғали Аязов цифрлық қауіпсіздікті сақтаудың маңызын егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол интернет-алаяқтықтан қорғану тәсілдері, дипфейк технологияларының қаупі, жеке деректерді қорғау, сондай-ақ дропперлер (алаяқтық схемаларда шотын немесе картасын пайдалануға беретін тұлғалар) туралы айтып, нақты мысалдар келтірді.

Оқушылар белсенді сұрақ қойып, өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша мазмұнды жауаптар мен практикалық кеңестер алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай дәрістер қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттырудың, сондай-ақ әрбір азаматтың өміріндегі экономикалық қауіпсіздіктің рөлін түсіндірудің маңызды алаңына айналып отыр.

Тегтер: