Диқандар неге ашулы?

04.08.2020, 13:05

64

  Қызылордада ауыл тұрғындары инвесторға қарсышықты

Қызылорда облысында кезекті жер дауы орын алып, Сырдарияауданына қарасты Асқар Тоқмағанбетов ауылында диқандар бас көтерді. Күріш егіп,жер емген халық ауылға инвестор келгелі жағдайларының мәз болмағанын айтады. «Егінгеақша құйып жатырмын» деген кәсіпкер шаруа қожалығының төрағасын орнынан алыптастапты. Тұрғындар осының салдарынан егістің жағдайы нашарлап кетті дейді.Бірлігі бекем, бірақ берекесі қашқан ауыл азаматтары осылайша инвесторға қарсышықты. Олардың айтуынша, сырттан келген кәсіпкер халықты емес, өзінің жеке бас қамынғана күйттеп кеткен. Себебі бұл инвестор бұрын да осы ауылдың жерін еміп,жергілікті жұртқа шарапатын тигізе алмапты.

– 2004 жылы өзі шаруашылыққа қарап, «Шапағат» серіктестігінжүргізді. Одан кейін жеті жыл жоқ боп кетті. Биыл қайта келіп, егіске 120 млнтеңге салған, осыдан кейін ауылда дау-дамай басталды. Халық бір жақ, ол кісібір жақ. Егістіктің барлығын алғысы келеді. Халықпен санаспай отыр, – дейдіауыл тұрғыны Марат Ташимов.

«Ауылға ақша құйдым» деген кәсіпкерге шаруа қожалығының бұрынғытөрағасы «шындықты айтқаным үшін жақпай қалдым» дейді.

– Мені «айтқанымды орындамадың» деп, алып тастаған дасол. Менің бұл жерде қатысым жоқ. Елдің сөзін сөйлеймін, осы ауылдың нанынжеген соң, мен халықтың жағында боламын ғой, қалай болғанда да. Орныма біреудіәкеліп заңсыз сайлады. Заң бойынша бір ай бұрын жиналыс болу керек, газетке жарнамаберу керек. Бірақ ондай талап болған жоқ, – дейді шаруа қожалығыныңэкс-төрағасы Меңдіғали Есжанов.

– Биыл еккен күрішке қарызға пәленбай тонна солярка алдық,трактор, комбайндардың құрал-саймандарын да қарызға алдық. Қазір 180 миллионтеңгедей  қарызбыз. Егін пісуге жақындап,ауызға түсейін деп тұрғанда, бұл келіп аузын қасыққа ұсынып тұр. Халықжиналғанда келмейді, өзі 20-30 адамды ертіп бөлек келеді. Сыртқа 5-6 машинасынқойып қояды. Сөйтеді де, бізге келіп бассыздық істейді, – дейді ауылдың тағыбір тұрғыны Нұрруслан Үмбетов.

Ауылдағы дауды естіп, «карантин кезінде санитарлықталаптар бұзылды» деген уәжбен құзырлы органдар мен жергілікті билік өкілдері декелді. Олар тұрғындарды сабырға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізбекшіболды. Бірақ ашынған халық оларды тыңдамады.

Тұрғындар: – Мадиярдан неге алып бермейсіз жерді?

Прокурор: – Өзінің ішкі жұмысы.

Тұрғындар: – Сіздер ауыз жаласып жүрсіздер.

Прокурор: – Тыңдаңыздар!

Тұрғындар: – Тыңдап-тыңдап болдық біз. Барып та айттық қой. Көпболса өлтіріп тастар.

Ақыры жиынға инвестордың өкілдері де жетті. Олар «егер деауыл халқы наразы болса, сотқа берсін» деп қысқа қайырды.

–Если что-то есть не законное в нашемдействиях,пусть обращаются в суд. Будет решение, суда мы уйдем.Нам нечего добавить, – деді инвестор өкілі Сәуле Азгушкарова.

Асқар Тоқмағанбетов ауылының тұрғындарына 2200 гектарегістік жер тиесілі. Инвесторға жұмыс істеуден бас тартқан диқандар егісалқабына да шықпай қойыпты. Соның салдарынан 200 гектар күрішке су бармайқалған. Тұрғындар бұл мәселе жақын арада шешілмесе, күріш құрдымға кетеді депотыр.

Су бармай, құрдымға кеткен күріштік атыздары Сыр өңіріндекөп. Су жеткізе алмағандықтан, облыс шаруашылықтарында 500 гектар күріштікалқап күйіп кетті. Себеп сол – су жоқ. Әлі күнге 7000 гектар егістікке су жеткізуқиынға соғып отыр. Егінді дұрыс жоспарламаған аудандардың әкімдеріне сөгіс теберілді. Ал мамандар өзен деңгейінен биікте орналасқан күріш атыздарын сақтапқалудың амалын жасап жатыр. Бірақ жағдай қиын. Өйткені Шардара суқоймасынажоғарыдан құйылып жатқан су көлемі өте аз.

– Шіркейлі каналынан кезектестіріп төрт ауданныңкүріштіктерін суаруға шешім қабылдадық. Егісті қалай болғанда да су тапшылығынаұрындырмай, су жететін жердің барлығын суаруымыз қажет, – дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов.

Нұрел ЖОМАРТ

Қызылорда облысы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады
29.07.2020, 13:10
3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38