Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 29 Желтоқсан 2021

Дизель 400, АИ-92 240 теңгеден бола ма?!

None
None

Бүгін энергетика министрлігі әлеуметтік желілерде тараған жанармай құю станциялар желісі бойынша 2022 жылға арналған дизель мен бензин бағасына қатысты пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілерде АИ-92 маркалы бензиннің болжамды бағасы 240 теңге, дизель бағасы 400 теңге болатыны көрсетілген жанармай құю станциялары желісінің құжаты тарап жатыр. Бұл болжам қаншалықты рас? 2022 жылы баға қандай болады" — деп сұрады журналистер минитсрден. 

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ақпараттық бюллетеньді әлеуметтік желіден көріп, компанияға хабарласқанын айтты.

«Бұл хат екі айдан бері әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Компания өз тұтынушылары үшін осындай болжамдар жасап, коммерциялық ұсыныс жасағанын айтты. Яғни, бұл шаруашылық субъектілері мен нарықты бағалау арасындағы қарым-қатынас.

Менің ойымша, дизель 400 теңгеден болмайды. Негізінде, қазір бағаның біршама төмендегенін көріп отырмыз», — деді Мағауов.

Тегтер: