Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:10

Дмитрий Малахов Жоғары сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

с
Фото: dknews.kz

Дмитрий Малахов ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалды, делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін Президент Тоқаев Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппты қызметінен босатқан болатын.

Малахов бұған дейін қаржы мониторингі агенттігін басқарған. 2023 жылдың қазан айында ол ҚМА төрағасының орынбасары болған. 

Одан бөлек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.