"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты

Сайт әкімшілігі

13.08.2020, 13:15

1863

Қатаң қуғынға қарамастан беларусь азаматтары 12 тамызда да наразылықтарын жалғастырды. Минскіде мыңдаған адам көшеге шығып, 9 тамызда өткен президент сайлауының қорытындысына қарсылық білдірді. Беларусь билігі наразыларға қару қолданғанын мойындады. Наразылық акциялары кезінде екінші адамның қаза болғаны белгілі болды.

Сәрсенбі күні Минскі және өзге қалаларда азаматтар қауіпсіздік күштерінің қарапайым халыққа күш қолдануын айыптап, президент сайлауының қорытындысын қайта қарастыруды талап етті. Минскідегі акция кезінде белсенділер «Доғарыңдар, ұрмаңдар! Бізге тек дауыс дұрыс саналса болды. Бізде қару жоқ. Тек бір тарап қана күш қолданып жатыр» деген. Акция өтіп жатқан кезде жүргізушілер сигнал беріп, акцияға шыққандарды қолдаған, баяу қозғалып, милиция көліктерін бөгеуге тырысқан.

«Весна» құқық қорғау тобының хабарлауынша, осыған ұқсас наразылық шаралары кемінде бес қалада өткен. Витебск, Бобруйск, Могилевтегі акциялар кезінде полиция наразыларды ұстап, кейіннен босатқан.

Жексенбі күннен бері жалғасып жатқан наразылық кезінде биліктің айтуынша, 6 мың адам ұсталған, жүздеген адам жарақаттанған. Кемінде екі адам қаза болған.

Ресми мәліметке сәйкес, президент сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша, қазіргі басшы Александр Лукашенкоға сайлаушылардың 80 пайызы дауыс берген, оның басты қарсыласы Светлана Тихановская он пайыз дауыс алған. Наразылар сайлау нәтижесі бұрмаланды деп есептейді.

Қарай отырыңыз: Беларусьтегі наразылықтың үшінші күні. Арнайы жасақ наразыларды ұрды (11 тамыз 2020 жыл).

Беларусьтегі наразылықтың үшінші күні. Арнайы жасақ наразыларды ұрдыplease waitGet Adobe Flash PlayerEmbed Бөлісіңіз
Беларусьтегі наразылықтың үшінші күні. Арнайы жасақ наразыларды ұрды
Embed БөлісіңізThe code has been copied to your clipboard./>width px height px/>The URL has been copied to your clipboard

No media source currently available

0:00 0:02:42 0:00Жүктеп алу
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды
12.08.2020, 09:09
Коронавирус жұқтырғандарға бес дәрі-дәрмек тегін берілетін болды

Аңдатпа


  • Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
    06:56
  • Оқшауланған Ресей: Путин тұтқындала ма?
    06:37
  • 13-премьер: құт па, жұт па?
    06:45
  • Қандай елде өмір сүреміз?
    17.03.2023, 05:35
  • Сайлау: Мойның жуан болса мақтан, жіңішке болса - сақтан!
    17.03.2023, 05:28