Дохада сынға түсетін жеңіл атлеттер
Жеңіл атлетикадан 2019 жылғыАзия чемпионатын Катар астанасы Доха қаласы қабылдайды.
Аталмыш алдағы 21-24сәуір аралығында өтпек.
Жеңіл атлетика сайыстарының барлығы KhalifaInternational стадионында өткізіледі. Бұл стадионда спортшылар мен жанкүйерлербарлық қолайлы жағдай жасалған. Соңғы үлгідегі инновациялық техникаларменжабдықталған.
Азиячемпионатына 44 елден 700-ге жуық спортшы қатысады деп күтіледі. Олар 186медаль жиынтығын сарапқа салады. Құрлық біріншілігінде алғаш рет араласэстафетадан сайыстар өтеді.
Бұл жарысIAAF-тың алдағы әлем чемпионатына дайындығы іспетес болмақ. Әлем дода алғаш ретТаяу Шығыста ұйымдастырылады. Нақтырақ айтқанда осы Доха қаласында 28 қыркүйекпен 6 қазан аралығында өткізіледі.
«Спортпадишасының» өкілі саналатын 25 қазақстандық жеңіл атлет Дохада бақ сынайды.Оларды құрама бапкері Григорий Егоров бастап барады. Құрама құрлық додасынан 8медаль жеңіп алуды көздеп отыр екен. Бас бапкердің айтуынша, басты мақсат 3алтын еншілеу дейді.
Бұл Азия чемпионатының кестесі бізге аса қолайлыболып тұрған жоқ. Өйткені, Қазақстанда жеңіл атлеттер қысқы мезгілде манеждежаттығады. Көктем шыққанымен, стадионда әлібірде-бір жарыс өткізген жоқ. Ал Доха төріндегі дода ашық аспан астындаұйымдастырылады. Әр спортшының алдына мақсат қойып отырмыз. Мәселен, ОльгаРыпакова алтын жүлде үшін таласады. Одан бөлек, 800 метрге жүгіруден жарысатынМаргарита Мұқашева мен ядро серпуші Иван Ивановқа тұғыр биігінен көріну туралыталап қойылды.Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшылар іріктеу нормативінорындамай-ақ, әлем біріншілігіне қатысу мүмкіндігін алады. Команданыңжартысынан көбі медальмен оралады деген сенім сол. Біз күміс пен қола тағынадыдеп үміт күткен спортшыларымыз да көңілден шығады деген ойдамыз. Спорттың атыспорт, қандай да бір болжам жасағым келмейді. Десе де, спортшылардың әлеуетінеқарап, сегіз медаль алатын мүмкіндік бар екенін жасырмаймын», — дейді бас бапкер Егоров.
Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары Қазақстан жеңіл атлетикасының көшінжалғыз Ольга Рыпакова сүйреп жүргені жасырын емес. Олимпада, әлемчемпионаттарынан жалғыз өзі медальмен оралып жүргені баршамызға белгілі.
Ольга Рыпакова көбінесе Азия чемпионаттарынан тыс қалып жататын. Бірақбұл жолы ол әлем чемпионаттына дайындық ретінде Дохадағы додаға қатыспақниетте.
«Биылғы маусым біз үшін ұзаққа созылады. Солардың ең алғашқысы – Катарда өтетін Азия чемпионаты. Бүгіндедайындық жоспар бойынша өтіп жатыр. Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан кейінбірден жарысқа бет аламыз. Менің ең негізгі міндетім – секіру барысында қателік жібермеу. Биылмен үшін ашық аспан астындағы жарыс ерте басталғалы тұр. Маусымды дәл осылайерте бастамағаныма көп уақыт өтіпті. Сондықтан, бұл чемпионат дайындықтың қалайөткенін бағамдайды. Әлем чемпионатына қатысу нормативін өткен жылы орындапқойғанмын. Сол себепті, бұған айтарлықтай көңіл бөлген емеспін. Азияойындарындағы алтын медаль әлемдік сынға тікелей жолдама берді. Дегенмен, әлемчемпионатын қабылдайтын стадионның атмосферасынсезіну үлкен күш береді», — дейдіспортшы.
Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын жеңілатлеттер:
Ерлер:
Антон Боднар (биіктікке секіру);
Сергей Григорьев (сырықпен секіру);
Виталий Земс ( 4х100 метрлік эстафета);
Вячеслав Земс (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 4х100 метрлік эстафета);
Давид Ефремов (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру);
Иван Иванов (ядро серпу);
Александр Каспер (100 метрге жүгіру, 4х100 метрлік эстафета);
Дмитрий Коблов (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 4х400 метрлік аралас эстафета);
Михаил Литвин (400 метрге жүгіру, 4х400 метрлік аралас эстафета);
Данил Полянский (сырықпен секіру);
Сергей Русак (4х100 метрлік эстафета);
Андрей Соколов (400 метрге жүгіру, 4х400 метрлік аралас эстафета);
Дамил Сутжанов (100 метрге жүгіру, 4х100 метрлік эстафета).
Әйелдер:
Ахметова Аделина (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру);
Светлана Голендова (400 метрге жүгіру, 4х400 метрлік аралас эстафета, 4х100 метрлік эстафета);
Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру);
Рима Кашафутдинова (100 метрге жүгіру, 4х100 метрлік эстафета);
Варвара Лисичкина (800 метргежүгіру);
Элина Михина (400 метрге жүгіру, 4х400 метрлік аралас эстафета, 4х100 метрлік эстафета);
Маргарита Мұқашева (800 метргежүгіру, 4х400 метрлік аралас эстафета);
Татьяна Нерознак (3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 1500метрге жүгіру);
Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру);
Ольга Сафронова (100, 200 метрге жүгіру, 4х100 метрлік эстафета);
Әйгерім Шыназбекова (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 4х100 метрлік эстафета);
Ирина Эктова (үш қарғып секіру).