Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:41, 05 Қыркүйек 2025

Doktor лақап атты блогер Қаржаубайға 400 мың теңге өтемақы төлейді

Қаржаубай
Фото: скриншот

Шерзат Полаттың отбасына қатысты арандатушылық мәлімдемелер жасаған  блогер Бауыржан Абдрахман сот шешімімен өтемақы төлеуге міндеттелді.

2025 жылдың тамыз айының ортасында TikTok-та Doktor деген атпен танылған блогер 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған еді.

Ал енді соттың екінші шешімі шықты. Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады.

Шешімге сәйкес, блогер Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтан көпшілік алдында кешірім сұрап, оған моральдық шығын үшін 400 мың теңге, сондай-ақ сот шығындары үшін 500 мың теңге төлеуі тиіс.