16:50, 26 Ақпан 2019
Доллар 378 теңгеге жетті

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 26 ақпанындағы таңғы саудасында 378,28 теңгеге дейін әлсіреді, — деп хабарлайды Жас Алаш Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сауданың жалпы көлемі 19,45 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 377,19 — 378,92 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астана уақытымен сағат 11.20-да Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 64,6 доллар болды.Фото: zakon.kz