Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:41, 09 Сәуір 2025

Доллар бағамы төмендеді

доллар
Фото: 24.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, 8 сәуірде АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 518,5 теңге болды. Бұл – доллардың аздап арзандағанын көрсетеді.

KASE мәліметінше, күн ішінде USD/KZT валюта жұбы 515,8 бен 522,5 теңге аралығында саудаланған. Сауда көлемі алдыңғы күнмен салыстырғанда едәуір азайды. Бұған дейінгі күндері мұнай бағасының күрт құлдырауы мен Дональд Трамптың мәлімдемелерінен кейін валюта нарығында дүрбелең байқалған еді.

Ұлттық валюта 0,62 теңгеге нығайды, алайда бұл айтарлықтай өзгеріс емес.

8 сәуір күні Ұлттық банк теңге бағамын қолдау үшін валюталық интервенцияларға жүгінбей отырғанын мәлімдеді. Қаржы реттеушісі АҚШ пен Қытай арасындағы «сауда соғысы» салдарынан әлемдік қор индекстерінің құлдырауын және мұнайдың арзандауын негізгі себеп ретінде атады.

Айта кетейік, 7 сәуірде теңге бағамы күрт құлаған болатын. Қазіргі бағам ақпан айының басындағы деңгеймен шамалас, бірақ әлі де қаңтардағы ең жоғары көрсеткіш — 1 доллар үшін 530 теңгеге жеткен жоқ.

Тегтер: