06:16, 28 Қазан 2020
Доллар бағамы 430 теңгеден асты

Қазақстанда доллар тағы да қымбаттап жатыр, — деп хабарлайды «Жас Алаш» KASE қор биржасына сілтеме жасап.
28 қазандағы таңғы сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 430,20 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 431,32 теңгеден сатылса, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 429,79 теңгеден сатылып жатыр.