16:47, 11 Мамыр 2022
Доллар бағамы өсті

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. Қазақстан қор биржасы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7,03 теңгеге көтеріліп, 442,61 теңгеге тең болды.
Айта кетейік, доллардың 7-11 мамырдағы ресми бағамы — 434,47 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы — 441,89 теңге, сатылым — 445,50 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 441,81 теңгеден сатып алынып, 444,75 теңгеден сатылып жатыр.