13:50, 19 Ақпан 2021
Доллар күрт қымбаттады

19 ақпанда таңертең америкалық валютаның бағамы өсті. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтері бойынша, сағат 11:00-де доллар бағамы +2,43 теңгеге өсіп, 418,35 құрады.
Қытай юаны 64,6 теңге, рубль — 5,64, еуро — 505, 43 теңге.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 417,2 — 418 теңгеден сатып алынып, 418,8 — 420 теңгеден сатылуда.
Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде доллар 417,2 — 417,8 теңгеден сатып алынып, 418,2 — 419 теңгеден сатылып жатыр.