Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:47, 30 Қыркүйек 2020

Доллар қымбаттап жатыр, теңге теңселе бере ме?

None
None

Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр, — деп хабарлайды «Жас Алаш» KASE қор биржасына сілтеме жасап.

30 қыркүйектегі таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 431,68 теңге болды. Таяуда бұл көрсеткіш 429,40 теңге еді.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 432,64 теңгеден сатылса, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 431,83 теңгеден сатылып жатыр.

Жалпы, қазір доллардың бағамы жайлы әр түрлі болжамдар айтылуда. Сарапшылардың біразы «болашақта доллардың бағамы 500 теңгеге дейін баруы ықтимал» десе, енді бірі керісінше, «жыл соңына қарай көк қағаздың құны айтарлықтай түседі» деп жормалдайды. 

Тегтер: