18:00, 11 Сәуір 2022
Доллардың 12 сәуірдегі ресми бағамы белгіленді
Ұлттық банк доллардың 12 сәуірдегі ресми бағамын белгіледі.
Сейсенбіде доллар бағамы 449,53 теңгеге тең болады.
Айта кетейік, америкалық валютаның 9-11 сәуірдегі ресми бағамы - 446,89 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы — 453,30 теңге, сатылым — 457,47 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 452,82 теңгеден сатып алады, 455,77 теңгеден сатады.