16:00, 03 Наурыз 2022
Доллардың ресми бағамы айтылды

Доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы да өсті.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 492,28 теңге болды.
Таңғы саудада доллар бағамы 489,57 теңгеге тең болды. Ұлттық банк мәліметінше, 3 наурызда доллардың ресми бағамы — 490,43 теңге.
Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы — 498,38 теңге, сатылым — 504,12 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 495,24 теңгеден сатып алады, 498,50 теңгеден сатады.