16:42, 01 Сәуір 2022
Доллардың ресми бағамы айтылды

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, — деп хабарлайды TҚазақстан қор биржасы (KASE).
Доллардың орташа бағамы 5,53 теңгеге өсіп, 472,56 теңгеге тең болды. Айта кетейік, таңғы саудада доллар бағамы 471,13 теңге болған еді.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы — 475,50 теңге, сатылым — 478,67 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 474,82 теңгеден сатып алады, 478,64 теңгеден сатады.