Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:20, 20 Ақпан 2025

Дональд Трамп АҚШ-тың Украинаға көмегіне аудит жүргізетінін жариялады

Трамп
Фото: Brian Snyder / Reuters

АҚШ президенті тағы да Украинада сайлау өткізуге және Вашингтонның Ресей агрессиясынан қорғанған елге бөлген қаржының қайда кеткенін тексеруге шақырды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің Украинаға қарсы соғысы кезінде Вашингтонның Киевке қаржылай көмек ретінде бөлген ақшасының нақты мақсаттарға жұмсалғанын тексеруге шақырды. Бұған қоса, ол Украинада сайлау өткізу қажеттігі туралы мәлімдемесін қайталады. "Білесіз бе, бізде сайлау өткізу мүмкін емес деп айту өте оңай. Бірақ бұл ақшаның не болғанын анықтайтын кез келгені сияқты сайлаудың да уақыты келді. Өйткені ол (Украина президенті Владимир Зеленский - Ред.) ақшаның жартысы, оның қайда екенін немесе басқасын білмейді деп мәлімдеме жасады", - деді Трамп инвестициялық форумда сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, бірқатар беделді батыстық ақпарат құралдары, соның ішінде британдық The Guardian газеті мен американдық CNN телеарнасы, Трамптың Киевтің қаржылық көмегін дұрыс пайдаланбағаны туралы айыптауларының негізсіздігін көрсетуге арналған фактчекинг есептерін жариялауда.