Дональд Трамп АҚШ Венесуэланы уақыиша басқаратынын мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ Венесуэланы іс жүзінде өз басқаруына алатынын мәлімдеді
Оның айтуынша, бұл елде билік «заңды басшылыққа нақты түрде берілгенге дейін» жалғасады.
«Біз ол жақтамыз және биліктің шынайы түрде берілуі жүзеге асқанға дейін сонда боламыз. Іс жүзінде басқаруды өз қолымызға аламыз», - деді Трамп.
Сонымен қатар, Венесуэлаға америкалық мұнай компаниялары келетінін мәлімдеді. Олардың мақсаты — мұнай инфрақұрылымын қалпына келтіріп, елге экспорттық табысты қайта әкелу. Трамп мұны венесуэлалықтарды «бай әрі қауіпсіз етуге бағытталған көмек» деп сипаттады.
Сондай-ақ Трамп Truth Social желісінде Венесуэла басшысы Николас Мадуроның қолға түскенін көрсететін фотоны жариялады. Оның айтуынша, Мадуро АҚШ-тың «Иводзима» әскери кемесінде және Нью-Йоркте сот алдында жауап беруі тиіс.