Дос КӨШІМ: Әділетсіз қоғамда ұлтаралық саланың төрт құбыласы түгел болуы мүмкін емес
Мен ұлтаралық қанды қақтығысты осыдан 30 жылбұрын Ошта көрдім. Содан кейін Алматыоблысы Есік елді мекенінің жанындағы Рахат ауылында түріктер мен қазақтардыңарасында аса қауіпті кикілжің орын алды.
Бірнеше рет баруға, Есікте митингұйымдастыруға тура келді. Құдайға шүкір, тыныштықты сақтап қалдық. Қанғажібермедік. Сол уақытта енді мұндай оқиғалар қайталанбайтын болар деп ойлайтынедім, қатты қателесіппін. 2006 жылы Шелектегі оқиғаға тікелей араласуға туракелді. «Ұлт тағдыры» қозғалысының бастамасымен бірнеше ұйым бірігіп, арнайыкомиссия да жібердік. Одан кейін Малыбай, Маловодное, Маятас, Сарыағаш, тағыбасқа елді мекендерде болған жанжалдар осы келеңсіз жағдайлардың өз шешімінтаппай отырғанының нақты куәсі болып табылады. Егер біз осы шындықтымойындамасақ, екі ұлт өкілдерінің арасындағы «тентектер төбелесі» деген ресмиұстанымнан аса алмасақ, мұндай қанды қақтығыстар әрқашан алдымыздан шығады даотырады.
Енді не істеукерек дегенге келейік. Біріншіден, жоғарыдағы оқиғаларға «ұлтаралық қақтығыс»деген баға беру артық деп білемін. (Осы уақытқа дейін болған жағдайлардан кейін«ұлтаралық» емес, «қазақ пен басқа ұлт өкілдерінің арасындағы қақтығыс»дегеніміз дұрыс шығар. Себебі орыс пен кәріс немесе дүнген мен татардың т.б.арасындағы дау-жанжалды естімеппін). Шелектегі не Малыбайдағы оқиғадан кейінқазақ пен ұйғыр халқы бір-біріне жау болып, көрген жерде бір-бірінің жағасынан алакеткен жоқ. Ұлттың арасындағы кейбір топтардың не кейбір азаматтардың көтергенұрандары мен айтқан сөздері немесе істеген істері бүкіл ұлттың ұраны, қимыл-әрекетіболып табылмайды. Бұл талассыз шындық. Бірақ қарапайым көпшілік сан түрлісебептерден пайда болған (әлеуметтік, қылмыстық т.т.) осы оқиғаларды «ұлтаралыққақтығыс» деп бағалайды, сол жерге өз ұлтының намысы үшін барады. Байқайсыздарма, қазақтың қызын қазақ жігіті зорлап кетсе қылмыстық іс болып табылады да, алқазақтың қызы басқа ұлт өкілінен зорлық көрсе атқа мініп, аттан саламыз. Меніңше,біздің саясаттанушыларымыз, зерттеушілеріміз осы феноменнің сырын ашуы керекдеп ойлаймын. Егер халықтың басым бөлігі бұл оқиғаларды ұлтаралық мәселе немесеұлтаралық жағдайдан туған іс-әрекет деп түсінсе, осы түсініктің пайда болусебептерін ашуымыз шарт. Сонда ғана қанды оқиғалардың алдын алуға болады.
Екіншіден, билік қазақтардың ашу-ызасын тудырып отырған нақтымәселелерді (мен оны кейде «қызыл шүберектер» деп те атаймын) толық шешуі керек. Олар, өкінішке қарай, өте көп,сондықтан үш-төртеуін айтсақ та жеткілікті: кеңес жүйесі кезінде қойылған елді мекендердіңатауларын (Павлодар, Петропавл, Пугачев т.т.) өзгерту; унитарлық мемлекеттеболмауға тиісті екі нұсқадағы атауларды бір нұсқада атау (Өскемен – Усть-Каменогорск,Орал – Уральск т.т.); мемлекеттік тілді жариялай отырып, қостілділікті ұстанудытоқтату; мемлекеттік тілді білмейтіназаматтардың мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне қатаң тыйым салу; адам құқығымен Конституцияны бұза отырып, Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдеріне мәжілістенквота берілуін алып тастау; көшелер мен елді мекендерге қазақ халқының тарихынаеңбегі сіңбеген адам аттарының берілуін не олардың әлі күнге дейін сақталуынзаң арқылы тоқтату т.т. Бұлардың барлығы басқа елдерде, біз сияқты кеңесжүйесінен шыққан республикаларда баяғыда-ақ шешімін тапқан, біздің билік ғана мойындамайкеле жатқан мәселелер. Осы мәселелер шешімін таппаса, олар әрқашан минаныңпілтесі қызметін атқарып қала береді.
Үшіншіден, Қазақеліндегі өзге ұлттарға деген қазақтың да бір реніші бар деп ойлаймын. Бұл меніңжеке пікірім. Әрине, ол үшін оларды ешкім кемсітпейді, ала көзбен қарамайды.Бұл іштегі реніш. Бұл – «Неліктен осы уақытқа дейін кез келген ұлтқа құшағынкең ашатын қазақ халқының тәуелсіздік үшін көтерілген туының астында басқаұлттардың өкілдерін көре алмадық?» деген жауапсыз сұрақ.
Алашорданың ішіндебасқа ұлттың қанша өкілі болды? Білмеймін.Желтоқсан көтерілісіне қанша басқа ұлт өкілі қатысып, жазаға ұшырады? Бір-екеуібар сияқты. Тәуелсіздік үшін күрескен «Азат» қозғалысында болдым деп, қаншаөзге ұлт өкілі кеуделерін қаға алады? Иә, бұлар ұлт-азаттық қозғалыстар. Біраққарапайым экологиялық қозғалыс – «Семей-Невада» қозғалысында да 90 пайызданастам қазақтар болды ғой. Кешегі (2016 ж.) жер дауында алаңға шыққаназаматтардың қаншасы басқа ұлттың өкілдері? Демек, бұл – осы елдің тәуелсіздігіде, болашақ экологиялық жағдайы да, өздері тұратын жерлерінің сатылу-сатылмауыда олардың жүректерін дір еткізбейді, ұйқыларын бұзбайды деген сөз. Бірнешемиллион өзге ұлт өкілдерінің ішінен қазақ тіліне – өздерінің мемлекеттік тіліне– Асылы Осман, Гер-аға сияқты жаны ашып, жүрегі ауыратын жүз мың адам таба аларма екенбіз? Осы 30 жылдың ішінде 17 желтоқсанда ұлттық киімдерін киіп, «Біз –қазақстандықпыз, бұл – біздің де тарихымыз» деп, желтоқсандықтардың басына келіп, құран оқып,гүл қоюға жарамаған көршімізге қандай көзқарас болуы керек?! Демек, қазақжерінде тұратын өзге ұлт өкілдері де ойлануы керек. Егер «менің болашағым,менің ұрпақтарымның болашағы қазақ халқымен бірге» дейтін болса, сол болашақтыбірге жасайық. Бұл жерде билікке қарайлаудың да ешқандай қажеті жоқ. Әр адамныңөзіндік көзқарасы, жүрегінің әмірі бар. Қысқасы, ұлтаралық кикілжіңнің бірсебебі олардың өздерін қазақ қоғамынан бөтен ұстауы деп ойлаймын.
Төртіншіден, «неліктеносындай оқиға орын алды?» «не істеуіміз керек?» деген сұрақты түрлі ұлтөкілдері аралас тұратын елді мекендегі азаматтардың алдына қойып, солардыңұсыныстары мен пікірлерін саралау керек. Ал біз бүгінге дейін халық ассамблеясыныңжұмыс «жоспарлары» мен жергілікті жерлердегі ішкі саясат басқармаларының«жобалары» шеңберінен шыға алмадық. Осындай қақтығыстар, кикілжіңдер,дау-дамайлар т.т. неліктен пайда болғанын сол жердегі халық қана біледі. Билікорындары қауіпті жағдайды көріп отырса да, не оның қанға алып келетінінтүсінбейді (олар үшін бұл үйреншікті жағдай) немесе өздеріне сөз келетінінбіліп, тұмшалап, «қоқсықты үйден шығармауға» күш салады. Сондықтан азаматтардыңпікірін жинақтау жұмыстары билік орындарына емес, қоғамдық ұйымдарға берілуікерек. Айта кету керек, 2008 жылы «Ұлт тағдыры» қозғалысы «Ұлтаралыққатынастарды жақсартудың жолдары» деген бағдарламаны жүзеге асырып, осымәселеге арналған халықаралық конференция өткізіп, қорытындысын президентаппаратына тапсырды, бірақ оны қаперге алған билікті көрген жоқпын. Әлі есімде,сол жұмыспен жүргенде Алматы облысының сол кездегі әкімі Серік Үмбетовтің«халықпен кездесулерде жергілікті әкімшіліктің басшыларын қатыстырмағаныңдұрыс, егер олар отырса халық шындықты айта қоймайды» дегені бар.
Әділетсіз қоғамда,әділетсіз билік жүйесінде ұлтаралық саланың орнықты, төрт құбыласы түгел болуымүмкін емес. Біз бір-бірімізге сенбейтін дәрежеге жеттік. Билік бұл мәселегеазаматтық қоғамды араластырғысы келмейді («ұлтшылдар келіп, халықты көтеріпкетеді»), азаматтық қоғам биліктің жасанды интернационализміне сенбейді, ал«қазақты өзіміз қорғаймыз» деген жастар тәртіп сақшыларына да, сот жүйесіне де,билікке де сенбейді.