Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:41, 04 Тамыз 2023

«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

None
None

«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, барабаншы Александр Литвинов көз жұмды.

Бұл туралы ансамблдің instagram парақшасы хабарлады.

«Бүгін түнде 75 жасында Литвинов Александр Михайлович өмірден өтті. Ол біздің ансамбльдің негізін қалаушылардың бірі, барабаншы болды. «Дос-Мұқасан» ансамблі әріптесіміздің балаларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Ол біздің жүрегімізде мейірімді, ашық-жарқын, қашан да қол ұшын созатын жан ретінде қалады. Жатқан жері жайлы болсын!» – деп жазылған хабарламада.

Тегтер: