Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:35, 18 Сәуір 2022

Досаев Тоқаевтың тапсырмасын орындай ма?

None
None

Алматы әкімдігі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Ерболат Досаевтың орынбасарлары азая ма деген сұраққа жауап берді.

Жергілікті биліктің мәліметінше, қазір Алматы қаласы әкімінің бес орынбасары бар. Бұл санды ел үкіметі өткен жылдың 9 желтоқсанында бекіткен болатын.

"Әкімдіктердегі мемлекеттік қызметшілер санын қысқарту мәселесі үкіметтің құзырында. Тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін Алматы әкімдігі құрылым мен Алматы қаласы әкімдігінің орынбасарлары арасындағы қадағалауды қайта қарайды", — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі БАҚ өкілдеріне берген жауабында 

Тегтер: