Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:57, 10 Тамыз 2020

ДСМ: Елімізде коронавирус инфекциясының таралу өсімі тыйылды

Коронавирус инфекциясының республикамыздағы таралу бойынша өсімі тыйылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.

 

Оның айтуынша, жағдай тұрақтанды және ол биліктің, денсаулық сақтау жүйесінің, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің толық бақылауында.

Осылайша, біз еліміз үшін дағдарысты кезең артта қалды деп толық сеніммен айта аламыз, — деп қосты ол.

— Егер науқастардың жағдайы туралы айтатын болсақ, 246 науқастың жағдайы ауыр және 69-ы — өте ауыр жағдайда, 70 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Өткен тәулік ішінде елімізде 741 адам COVID-19-ды жұқтырды, өкінішке қарай, 23 адам қайтыс болды, — деді Қожахметов.

Жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан, ол қазақстандықтарды барлық сақтық шараларын сақтауға шақырды және КВИ-мен күресудің келесі кезеңі — бұл тек қана COVID-19 вирусымен ғана емес, сонымен бірге пандемияның өршуіне түрткі басқа да факторлардан болатын аурулар мен өлімді азайтуға бар күш жұмсалатынын атап өтті.

Тегтер: