Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:18, 29 Тамыз 2023

ДСМ Көкшетаудағы ауруханада жатқан сарбаздардың жағдайы туралы айтты

None
None

Ақмола облысындағы әскери бөлімде 41 сарбаздың улануына ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният түсініктеме берді.

Оның айтуынша, мұнда жұқпалы аурулардың 45 жағдайы тіркелген.

"Әскерге шақырылғандар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. 41 науқас ауруханада жатыр, біреуі жансақтау бөлімінде, ол сауығып келеді. Менингококк инфекциясы тіркелді, кейбірінде энтеровирус бар. Аралас инфекция, маусымдық. Шамасы, біреу ауырып, басқаларға жұқтырған. Қарым-қатынаста болғандар тексерілді, белгілері барлар оқшауланды. Ауыр жағдайлар жоқ», — деді министр.

«Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі басқаша мәлімет хабарлады. Олардың айтуынша, жалпы 5510 әскери бөлімінің 49 сарбазы Көкшетау қаласындағы No1 қалалық көпсалалы ауруханаға жатқызылған, алдын ала қойылған диагноз — жедел респираторлық инфекция. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Кейбіреулері карантинде.

«Жұқпалы аурулар орталығына жатқызылған сарбаздарды зертханалық тексеру нәтижесінде бесеуінде менингококк инфекциясы, төртеуінде энтеровирустық инфекция анықталды. Сонымен қатар, науқастар коронавирустық инфекцияның бар-жоғына тексерілді, вирус анықталған жоқ. », — делінген хабарламада.

Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Көкшетауда  40-тан астам әскер қатарына шақырылғандар аурухана төсегіне жатып қалды. Әскерилерде бас ауруы, әлсіздік, жоғары температура байқалған. Мамандар шұғыл түрде байланыста болған 300-ге жуық адамды тексеріп жатыр.

Тегтер: