Дубай халықаралық әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты
Дубай халықаралық әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты.
Бұл туралы Дубай үкіметінің медиа-офисі X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
– Жолаушылардың, әуежай қызметкерлерінің және әуе компаниялары экипаждарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Дубай халықаралық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды. Барлық рәсімдер белгіленген қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Anadolu агенттігінің Біріккен Араб Әмірліктері Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, елдің әуе қорғаныс жүйелері Ираннан ұшырылған баллистикалық зымырандар мен дрондардан төнген қауіпке қарсы әрекет етуде.
Министрлік мәліметінше,
- әуе қорғаныс жүйелері баллистикалық зымырандарды ұстап қалды,
- ал әскери ұшақтар дрондар мен қанатты зымырандарды жойды.
Сондай-ақ елдің әртүрлі аймақтарында естілген жарылыс дыбыстары әуе қорғаныс жүйелері мен әскери авиацияның баллистикалық зымырандарды, дрондар мен қанатты зымырандарды жоюымен байланысты екені айтылды.
Еске салайық, бір апта бұрын Дубай әуежайына да шабуыл жасалған болатын.