Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:40, 15 Ақпан 2024

Дубайда әуе таксилері пайда болады

Дубай
Фото: из открытых источников

2026 жылдан бастап Дубайда әуедегі такси қызметі күнделікті қолданысқа енгізілмек. Ол үшін Дубай билігі америкалық танымал компаниямен келісімге келген. 

БАӘ-дегі әуе таксиінің максималды жылдамдығы сағатына 320 шақырым, бұл 30-40 минуттық жолды 10 минутқа дейін қысқартады деген сөз. Ұшақтың экологияға да зияны жоқ екені айтылды.

Жаңа көлік түрі 2017 жылдан бері АҚШ-та сынақтан өткізіліп келеді, қазіргі уақытта федералды авиация әкімшілігінің қауіпсіздік сертификатынан өтіп жатыр.

«Соңғы онжылдықта БАӘ қатты өркендеді. Дубай бүкіл әлемге ашықтығын паш етті. Енді бұл мемлекет, бұл қала мақсаты айқын, қарқынды жұмыс атқаруға құлшынысы жоғары адардарды магнитше тартуда. Ел басшылығының инвестициялауға және венчурлық капитал қауымдастығын құруға деген ұмтылысы үлгі аларлық», - деді «Joby Aviation» басшысы Джобен Бевирт.