Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:15

Дубайда төбелеске қатысқан алты өзбекстандық өлім жазасына кесілді

Дубай
Фото: ашық дереккөз

Дубайда болған жаппай төбелеске байланысты Өзбекстанның алты азаматы өлім жазасына, тағы біреуі өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Мәліметке сәйкес, оқиға былтыр сәуір айында болғанымен, сот үкімі тек қазір шыққан.

Жергілікті БАҚ дерегінше, жанжал бұрыннан келе жатқан келіспеушіліктер салдарынан екі топ арасында туындаған. Нәтижесінде бір адам пышақ жарақатынан қаза тапқан. Ал комаға түскен екінші өзбекстандық азамат кейін ауруханада көз жұмған. Бұған дейін 10-нан астам күдіктінің ұсталғаны хабарланған еді.

«Қаза тапқандардың бірі қызыл түсті Mercedes көлігінен дөңгелектерін тексеру үшін түскен сәтте бір топ адамның шабуылына ұшыраған. Екінші адам қашып құтылуға тырысқанымен, көп ұзамай басқа топтың қолына түскен», - деп жазады басылымдар.


Дубайдың құқық қорғау органдары төбелестің жеке сипатта болғанын растады. Тергеу барысында ұсталғандар өз кінәсін мойындаған, сондай-ақ олардың бір-бірін бұрыннан танығаны анықталған.

Ал Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі шығарылған үкіммен келіспейтінін мәлімдеп, апелляция берілетінін хабарлады.

Тегтер: