Дулат Исабеков: Бұл форум қаламгерлерге ештеңе де бермейді

Нұр-Сұлтан қаласында Азия елдерінің қаламгерлері басқосқан І форум өтіп жатыр. Форум басталар алдындажазушы Дулат ИСАБЕКОВТЕН форум қазақ қаламгерлеріне не беретіндігітуралы baq.kz сұраған екен.
«Форумдесе, жиналыс десе, елдің көкейінде «Бұл жиын не береді?» дегенсұрақ тұрады. Мұндай форумдар қаламгерлерге ештеңе дебермейді. Бірақ, жазушылардың басы қосылып, әркім өз елдеріндегі әдебиеткеқатысты мәселелері мен жетістіктерін, ағымдарын айтады. Солардың барлығынтыңдап, өзіміз де қорытынды жасаймыз. Бүгін келіп жатқан қаламгерлердіңкөбісінің шығармаларымен сырттай таныс болғанмен бетпе-бет жүздесіп,пікірлескен емеспіз. Бүгін соған мүмкіндік туып тұр», — деді жазушы.
Сондай-ақ, 1973 жылы да осы іспеттес Азия-Африка қаламгерлерініңбасқосуы болғанын айтты.
«1973 жылы Азия-Африка қаламгерлерінің жиыны болған. Ол әлі күнге дейінбіздің есімізде. «Әлемде былай екен ғой, мына идеяны олар мына тәсілменжеткізіп жатыр екен ғой. Біз бір орнымызда тұрып қалған екенбіз-ау», — дегенсынды біздің жазушылар арасында қозғалыс болған. «Келіссөз столынаотырмағаннан, келіссөз столына отырған жақсы» деген қытайдың мақалы бар.Сондықтан мұндай форумдардың болмағанынан болғаны дұрыс. Біз мінберде ғанаемес, жеке-жеке кездесіп те пікірлесеміз, тәжірибе алмасамыз. Бізге беретініосы. Ал, форум ешкімге ештеңе жазып бермейді», — деді Дулат Исабеков.
Дереккөз: baq.kz