Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:50, 18 Шілде 2024

Думан Мұхаммедкәрім ауруханаға жатқызылды

у
Фото: Күлтегін Аспанұлының әлеуметтік желісінен

«Тыйым салынған ұйымға қатысты» және «экстремизмді қаржыландырды» деп айыпталған журналист Думан Мұхаммедкәрім Қонаев атындағы көпсалалы ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Vlast.kz басылымы хабарлады. 

Қыста Талдықорғаннан Қонаевқа және кері қарай тасымалдау кезінде ұзақ уақыт аштық жариялау, стресс және гипотермия журналистің денсаулығына әсер етті, деді оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов.

«Ол Қонаев қаласындағы көп бейінді аурухананың арнайы бөліміне жатқызылды. Бүгінде Думан система алып жатыр», - деді Нұрпейісов.

Адвокаттың айтуынша, Мұхаммедкәрімнің денсаулығы көптен бері бұзылған. Осы себепті олар Денсаулық сақтау министрі мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына бірнеше рет хаттар мен шағымдар жазған. Алайда оның айтуынша, барлық шағымдар қанағаттандырылмаған.

Кейін адвокат судьядан Мұхаммедкәрімнің денсаулығын қорғауды өз қолына алуды өтінді. Ол сондай-ақ сотта «әрекетсіздік қатал қарым-қатынасқа тең» екенін атап өтті.

«Ұзақ уақыт аштық жариялауы, қыста Талдықорғаннан Қонаевқа апарып, әкелу кезіндегі қатты гипотермия, емделмеу және көп қимылдамау, сондай-ақ күйзеліс оның денсаулығына әсер етті. Қазір ол бірнеше аурумен ауырады», - дейді заңгер.

Оның айтуынша, Мұхаммедкәрімнің денсаулығын қалпына келтіру үшін бір жарым жыл қажет болуы мүмкін.

Оның ісі бойынша келесі сот отырысы 22 шілдеге белгіленген.

Думан Мұхаммедкәрім 2023 жылдың маусымынан бері қамауда отыр. Оның соты 12 ақпанда жабық есік жағдайында басталды. Журналист өзін қорғаудан бас тартып, соттың ашық өтуін талап етіп, аштық жариялаған.