Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:46, 23 Маусым 2020

Дүрліккен дүние және бейғам Қазақстан

Бүгінгі таңда әлем жұртшылығы 16 жыл бойы бүкіл планетаның,20 жыл бойы Американың ең бай адамы атанып, қазіргі кезде «Амазон»компаниясының негізін қалаушы, 108,9 миллиард доллары бар Джеффа Безостан кейінекінші бай адам атанып қалған Билл Гейтстің төңірегінде қызу айтыс бастапкетті.

Мicrosoft жүйесінің негізін қалап, адамзат өміріне жаңа бағыт енгізгенатақты миллиардер бар әлемге не үшін жақпай қалды? Оны жазғырған өте қаталпікірлердің тууына не себеп болды? «Комсомольская правда» газетінің екі бетіәлем жұртшылығының оны қатал жазаға тарту керегін не үшін талап етіп отыр? Солпікірлердің бір-екеуіне назар аударып көрейік.

   «Мicrosoft-тың»негізін қалаушы қалайша «коронавирустық  жауызға айналды», «Адамзатқа қастандық жасағаныүшін Билл Гейтсті соттау керек» (Италия парламентінің депутаты Сара Куниал),Австралияның  Мельбурн  қаласында көпшілік жаппай ереуілге шығып,«Билл Гейтсті тұтқындау керек!» деп талап қойса, Ақ үйдің 10 сәуірдегі сайтындаБилл Гейтсті тұтқындауды талап еткен жарты миллионға жуық адамның қолы қойылғанпетиция жарияланды. Президент Дональд Трамп жағындағы  Foх  Nеwsтелеканалының  әйгілі жүргізушісі ЛораИнгрэм Билл Гейтстің адамзатқа жасап жатқан ауыр қылмысын айта келіп, «Әрбірамерикалықтың әр қадамын цифрлық бақылау арқылы қалт жібермей қадағалап отыру глаболистердіңежелгі арманы болатын. Олар енді сол армандарына жетіп отыр» деп үзілді-кесілдіпікір айтты. Олардың пікірінше, Билл Гейтс СОVID-19 вакцинасын адамдарғамикрочип енгізу арқылы оларды құлға айналдыруды көздеп отыр. Құрама Штаттардағывакцинацияға қарсы бір адам өзінің инстаграмында режиссер Тарантиноның «УбитьБилла Гейтиса» деген блокбастер түсіретін кезі келді» деп жазып та үлгеріпті.Ал «Россия-24» каналы «Бесогон» бағдарламасының авторы, әйгілі кинорежиссерНикита Михалков бұл тақырыпқа екі бірдей хабар арнап, бүкіл Ресейді дүрліктіріпжіберді.

   Билл Гейтске қойылыпотырған басты кінә – коронавирусты лабораторияда ойлап табуды қаржыландырған,оған қарсы вакцинацияны да жасауға ең ірі фармацевтік орталыққа 50 млрд долларқаржы құйып, сол вакцинацияны әртүрлі жолмен адамдарға егу арқылы жер бетіндегіадамдардың санын азайту, Африка, Азиядағы дамымаған кедей елдердің қыздары менұлдарына келешекте жатыр рагы мен ұлдардың белсіздік ауруына шалдығулары үшін(ВПЧ) вакцина егу арқылы оларды бала туу мүмкіндігінен айыруды мақсат етудіжалғастыруда. Оларды осындай тәсілмен емдеген Гана республикасындағықыздардың көпшілігі қайтыс болып, қайтыс болмағандары бала туу қабілетінен айырылғанытуралы арнайы комиссия бірауыздан қорытынды шығарды.

Билл Гейтс қорының белсене араласуымен Индияда ВПЧ-ға (вируспапилломы человека) қарсы вакцинацияны егу бағдарламасы енгізілді. Тәжірибеден14 мың жасөспірім қыз өтті. Бірнеше қыз бірден көз жұмды, біразы белгісізауруға шалдықты. Бұл оқиға қоғамда үлкен дау-дамай туғызуда. Үнді парламентіарнайы тексеру жүргізгенде адам шошырлық фактілердің бетін ашты. Көптегенқыздарды топ-тобымен ата-аналарының келісімінсіз, тіпті қыздардың өздерінеайтпастан емдеуге кіріскен. Олардың орнына мектеп директорлары қол қойған болыпшықты. Осы тәжірибеден соң фармакомпания вакцинацияны Үнді мемлекеттікденсаулық сақтау жүйесіне ресми түрде енгізуді жоспарлап, сол арқылы қыруарқаржы табуды көздеп отыр екен (вакцина сату арқылы).

  Бірнеше қыздың өлімінен соң, үнді қоғамында үлкен наразылықтуып, фармацевтік компанияның мол қаржыға кенелу жоспары уақытша кідіріп, ендіолар айтқандарына көнетін тиісті адамдар мен шешуші топтарға арнайы сыйлық беруарқылы пайда табу көзін басқа кедей мемлекеттерден іздей бастады.

Олардың ұғымынша,кедей мемлекеттердің бірі Қазақстан  болып шықты. Дамыған 30 елдің қатарына ендікдеп мәз болып жүрсек, біз кедей мемлекет екенбіз. Кедей мемлекеттердіңшенеуніктеріне азын-аулақ көк қағаздың ұшын көрсетсең, олар ұлтының ертеңінепысқырып та қарамай, он екіде бір гүлі ашылмаған қарындастары мен қыздарын екпеегуге ойланбастан байлап бере салады екен. ВПЧ-ға қарсы қолданатынвакцинамыздың сапасымен ешкімнің шаруасы да болмайтын көрінеді. Африка елдерімен Индияда қолданған вакцинаның адам ағзасына өте зиянды, қыздарды бала көтеруқабілетінен айырып, ұлдарды белсіздікке шалдықтыратын кесірлі қасиеті бар екенідәлелденді.

Бүкіл дүниемұндай вакцинацияға қарсы бас көтеріп, наразылық акцияларын өткізіп, ондайадамдарды сотқа тарту керек деп шулап жатса, Қазақстан ғана жайбарақат.Жайбарақат жатса мейлі-ау, жас қыздарға вакцина салу компаниясының жұмысын әлібелсенділікпен, пәрменді түрде жүргізуде. Айтатын аргументтері: «12-13 жасарқыздарға қазір егу жұмысын жүргізбесек, 18 жастан асқан кезде жатыр рагына (ракматки) ұшырауы мүмкін» дейді. Жиырма жасқа толғанда қыз біткеннің бәрі жатырауруына шалдығатынын олар қайдан біліп отыр? Әулие ме, көріпкел ме, Нострадамуспа, әлде бақсы-балгер ме? Он жыл емес, ертең немен ауыратынымызды білмейтінмынадай қауіп-қатердің арасында өмір сүріп жатқан жастарға «10 жылдан кейінжатыр рагімен ауырасың» деп, 10 жасар қызға алдын ала жан шошырлық қауіп айту,оларды күштеп емдеу қылмысқа пара-пар «емнің» түрі емес пе?

Баяғыда, 1970жылдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Отбасын жоспарлау» («Планированиесемьи») деген бастама көтеріп, сол бастаманы сол кезде 22 миллион боп отырғанӨзбекстан емес, 1,5 миллиард Қытай емес, 150 миллион Ресей емес, енді-енді 5,5миллионға жеткен Қазақстан іліп әкетіп, ел ішінде денсаулық сақтау министрлігікеңінен насихат жүргізіп, «ана денсаулығын сақтау үшін бала тууды шектеу»туралы жиналыс сайын айтып жатты. Сол кездегі денсаулық сақтау министрініңорынбасары (әйел адам, аты-жөні есімде жоқ) тым белсенділік танытып бара жатқансоң, мен оның бұл саясатын «ананың денсаулығын ойлау емес, ұлт болашағынасаналы түрде балта шабу» деп, теледидардан сөйлеп едім. Екеуміздің дауымызушығып, ақырында сол кездегі «Алатау» телеарнасында бетпе-бет кездесу өткіздік.«Сіз жазушы адамсыз, медицинадан хабарыңыз жоқ. Ұлтқа қандай биологиялық қауіптөніп тұрғанын біз жақсы білеміз, аурудың алдын алмаса ол қауіпті» деп, біраздау айтып еді. Хабар аяқталып, сыртқа шықсақ, «Алатау» ғана емес, «Қазақстан»телеканалының (ол кезде осы бір ғана канал) көптеген журналистері бізді қоршапалды. Министрдің орынбасарын талап жей жаздады. Бұл істен береке таппайтынынтүсінсе керек, ол белсенділігін саябырсытып, ақыры үнсіз қалды.

Арада 50жылдай уақыт өткен соң, дәл соған ұқсас оқиға Қазақстанда қайталанып отыр. Бұрын«аналардың қамын ойласа», енді солардан туған жасөспірім қыздар меннемерелерінің,  ұлы сөзде ұят жоқ –жатырын алдын ала емдеуге кірісіп кетті.

Бүкіл әлем қарсы шығып отырған Билл Гейтс пендүниежүзілік фармацевтік  компаниясының  адамзат  денсаулығын емес, оларды чиптендіру арқылықұлға айналдыру, бала тууды шектеу идеясын бүгінгі таңда ТМД елдері бойыншақызу қолдап отырған жалғыз-ақ мемлекет бар, ол – Қазақстан. «Кімде-кім балаларына вакцина егуге қарсылық білдірсеоларға жаза қолданылады, олардың балалары балабақшаға қабылданбайды, дәрігерліккөмек көрсетілмейді» деген мәжбүр ететін хабар кең тарап қалып еді, көпшіліктіңнаразылығынан соң ол біршама жұмсарған сияқты. Енді ондай қатал талап өзгеріп,«әркімнің қалауы бойынша» деген ұсыныс енгізіліп отыр. Бүгінгі таңда өзікоронавирус жұқтырып алған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов (оныңсауығып кетуін тілейміз) болса жастарға вакцина егуді міндеттелген түрдежалғастыру керек деп отыр.

Бір таңғаларлығы– адамдардың тууын шектеу арқылы планета тұрғындарының  санын  азайтудыкөздеген Мальтус теориясын бір кезде қызу қолдап, столбнякқа қарсы екпе жұмысынқолға алған Рокфеллер үлкен дау-дамайдан соң үнсіз қалып еді, енді оныңэстафетасын қызу қолға алған Билл Гейтске қарсы әлем жұртшылығының дүрліге пікір айтып жатқаны жайлы жазған«Комсомольская правда» газетінің (10-17.06.2020) дәл осы санында «Силапривывки» деген мақала басылыпты. Онда сенат парламентінің қарауына «Халықтыңденсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» деген жаңа кодекстің ұсынылып жатқаныжайлы айтылыпты. Біріншіден, тақырыптың өзі тым жадау, маңдайға ұрғандай төтеде анайы әрі балаң логика. «Халық денсаулығы және денсаулық жүйесі» дегенқандай жаңылтпаш? «Тамақ ішу және тамақтану жүйесі» деген анекдотқа жақынтіркес.

Міне, осымақалада «вакцина егу елімізде міндетті категорияға жатқызылады» деп тайғатаңба басқандай анық айтылыпты. Оның иін аздап жұмсартпақ болып республиканыңбас санитары Айжан Есмағанбетова түсініктеме жазыпты. Ниетіне қарағанда, олекпе жұмысын екпіндете түсуді көздеп отыр. Кімнің пайдасына? Кімдердің мүддесінқорғап отыр? Осы идеяны қызғыштай қорғаушылар шын мәнінде болашақ аналардыңқамын ойлап отыр ма, әлде тендер арқылы ең арзанға сатып алынған вакциналарды«егіп бітіру» үшін бе?

Қазіргі 11-12жасар қыздардың 22-23 жасқа толып, ана болар шағындағы нәтиже оларға зиянды бопшығып жатса, оған кім жауап береді? Ол кезде кімді ұстаймыз, кімді жауапқатартамыз? Әрине, ол кезде осы күнгі белсенділердің бірін таппайсың, бәрінің«кінәсі жоқ, суға сүңгіп шыққан үйректей» құп-құрғақ боп шығатыны бесенеден белгілі.

«Жас қыздардыңболашақта «жатыр рагы» ауруына шалдықпау үшін сіздерде екпе егу жүріп жатырма?» деп, Өзбекстандағы жазушы, журналист, режиссер достарымызға хабарласыпкөріп едік, олар бірауыздан «О не пәле? Ондайды естіген жоқпыз» деп күле жауапберді. Естуімізше, оларға да осындай «идея» ұсынылған екен, бірақ олар «осыуаққа шейін қалай туып келдік, бұдан кейін де солай туа береміз» деп күліпті. Олар– 34 миллион, біз 12 миллион. Олар вакцинасыз-ақ 2030 жылы 40 миллионнан асып кетеміз бе деп «қорқыңқырап»отырса, қазақ вакцинасыз «туа алмайды» екен. Қазір екпе егуді екпіндетіп қолғаалмаса, қыздарымыз болашақта түгелімен жатыр ауруына шалдығады екен.

Екпе егудіекпінді қолға алушылар кімдер? Халқының шын жанашырлары ма, әлде ұлттық саналары балаң деңгейден әрі өсе алмайқалған рухани «мүгедек» жандар ма? Әлде ұлттық мүддені жеке бастың мүддесінеоп-оңай айырбастай салатын арзан адамдар ма? Әлде бүгінді ғана ойлап, ертеңдіойламайтын, ұлттық сезімдері әлі ұйқыдан оянбаған нағыз бойкүйез-бейғамдар ма?

Менің ұсынысым: жас қыздарға ВПЧ-ға қарсы вакцина егудің ерікті түрі де, еріксіз түрі детүбегейлі тоқтатылсын! Егер ол тоқталмаса, мұндай белсенділерді Билл Гейтстіңадамзатқа жасап отырған жауыздық идеясын жасырын түрде қолдаушылар депесептеуге шақырамын.

Қыздарымызды бедеуліктен, ұлбалаларды белсіздіктен арашалап қалайық! Үйімізде бәріне көніп отыра бермей,дүрлігіп жатқан дүниеге құлақ түрейік.

ДулатИСАБЕКОВ,

 ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

  Қазақстанның құрметті жазушысы, «Құрмет» жәнеІІ дәрежелі «Халықтар достығы»   ордендерінің иегері   

Тегтер: