Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:04, 21 Шілде 2020

Дұрыс диагноз қоя білген жөн

                           

              Досыма жауап

      Газетіміздің өткен санында (2020 жылғы 16шілде, №57(16552) тарих ғылымының докторы, профессор Бақдәулет Тұрбекұлыныңөзінің ежелгі досы, саясаттанушы, газетіміздің тұрақты авторларының бірі ДосКөшімге арналған «Саясатшыл досыма ашықхат» атты ашық хаты жарияланған болатын.

Байырғы досының эпистолярлық жанртүрінде жазылған сәлемдемесімен танысқан Дос Көшім редакцияға жауабын жолдапты.  

      ҚұрметтіБақдәулет!

     Біріншіден, менің газет беттеріндегіжарияланған ойларымды, теледидардан айтқан сөздерімді әр оқырман әртүрліқабылдайды. Біреулері сыни көзқараспен қабылдаса, енді бірі «ойымыз бір жерденшықты» деп ризашылық білдіреді. Ал үшінші біреулері «мен сіздің сөз саптауыңды түсінбедім» деп, өзініңой-өрісін, қабылдау деңгейін де білдіреді. Бұған мен кінәлі емеспін, себебіменің мақалам Маркстің «Капиталы» не Фарабидің «Ізгі қаланың тұрғындары» сияқтыпәлсапалық-экономикалық трактат емес, қарапайым газет мақаласы. Дегенмен өзіңніңтүсінбеуіңді мойындау да үлкен ерлік, соған рақмет.

     Екіншіден, хатыңның басында менің кітабымдымақтаған екенсің, оған да рақмет. Бірақ ол саясаттануға арналған кітап емес,«Демократия негіздеріне кіріспе» деп аталатын, мектеп оқушыларына арналғаноқулық болатын. Әрине, кеңес жүйесіндегі оқулықтарға ұқсамайтын, мазмұнын былайқойғанда, стилі де, құрылымы да ерекше кітап болып шықты.   

     Үшіншіден, сенің хатыңды бірнеше рет оқыпшығып, нақты жауап беретін екі ғана мәселе бар деген ойға келдім. (Айтпақшы,мақаланың қасында берілген суретке менің ешқандай қатысым жоқ екенін өзің де жақсыбілесің деп ойлаймын. Ол редакцияның құзыреті, мен ол жағына араласпаймын.  Мақаланың газеттегі жарияланған нұсқасын өзімкөрген де жоқпын).

     Біріншісі – «Онда бұрынғы Малыбайдағыбәлендей нәтижесіз текетіресті мысалға аласыз да: «Ұлттың асындағы кейбір топтардың не кейбр азаматтардың көтергенұрандары мен айтқан сөздері немесе істеген істері бүкіл ұлттың.  ұраны, қимыл әрекеті болып табылмайды». Керісінше,сіздің осы мақаладағы саясатқабаайланысты жіберіп отырған ең үлкен қателігіңіздің өзі де осында» деген пікір.Бұл менің қайталаудан жалықпайтын көзқарасым. Әрине, «бір құмалақ» кейде бүкілелге, ұлтқа сөз келтіреді, бірақ ақиқатына келгенде әр ұлттың ішінде жаман да,жақсы да бар. Оған бола бүкіл ұлтқа баға беру – нағыз фашистік ұстаным.Айтпақшы, Малыбайдағы текетіресті нәтижесіз дей алмаймын, жергіліктітұрғындардың биліктің алдына қойған барлық талаптарын сауатты, салиқалы заңдыжолдармен толық жүзеге асырдық.

     Екіншісі – «Осы уақытқа дейін болған жағдайлардан кейін «ұлтаралық» емес, қазақпен басқа ұлт өкілдерінің арасындағы қақтығыс дегеніміз дұрыс шығар дегентұжырым. Өкінішке қарай, мен өзімнің осы көзқарасымда қалғым келіп отыр. Егеросы уақытқа дейін Қазақ елінде украин мен белорустардың, не татар менкәрістердің т.т. арасында жоғарыдағыдай кикілжіңдер орын алса, маған дерегін жіберуіңеболады. Ондай жағдайда мен де сен сияқты өзімнің қателігімді мойындауғадайынмын.

     Ауруды емдеу үшін оған нақты және дұрысдиагноз қоя білу керек. Сондықтан бұл мәселені «ұлттардың арасындағытүсінбестік» деп, абстрактылы, жалпылама құбылыс ретінде қабылдамай, қазақ пенөзге ұлт өкілдерінің кейбір топтарының арасындағы қайшылық деп, ақиқатын айтқандұрыс. Сонда ғана қоғам да, сараптамашылар мен зерттеушілер де бұл аурудыңбасты белгілерін анықтауға мүмкіндік алады.

   ҚұрметпенДос КӨШІМ

Тегтер: