Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:45, 15 Ақпан 2024

Дүйсенова кімдерге жұмыста хиджаб киюге болатынын айтты

хиджаб
Фото: из открытых источников

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жұмыста хиджаб кию мәселесіне байланысты өз пікірін білдірді.

«Жалпы ол жөнінде ешқандай норма жоқ. Бірақ өздеріңіз де білесіздер. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы да пікірін айтты. Естеріңізде болса, әсіресе өткен жылы бұл мәселе мектепке байланысты көп болды. Оны егер азамат өзі таңдаса, өзінің таңдауы болса, ол оның Конституциялық құқығы», – деді ол.

Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметкердің жұмыста хиджаб кию мәселесінде адамның өз еркі мен құқығы барын айтты.

 «Ол өзінің құқығы ғой. Себебі оған ешқандай шектеу жоқ. Бірақ біз қандай мемлекет екенімізді ұмытпайық. Біз өзімізді зайырлы мемлекетпіз деп есептейміз. Сондықтан да біз сол Конституцияға сәйкес жұмыс істеуіміз керек», - деді Тамара Дүйсенова.