Джеффри Эпштейн ісі: хат алмасуларда Өмірзақ Шөкеевтің есімі аталды
АҚШ Әділет министрлігі атышулы қаржыгер Джеффри Эпштейннің ісіне қатысты жаңа құжаттарды жариялады.
Осы құжаттарда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының бұрынғы басшысы Өмірзақ Шөкеевтің аты аталғанын анықталды.
Құжаттардың бірінде Эпштейннің жақын танысы, норвегиялық дипломат Терье Рёд-Ларсен, халықаралық қатынастар саласының маманы Андреа Пфанцельтер және Эпштейннің өзі арасындағы хат алмасу келтірілген. Аталған жазбаларда сол кезеңде ұлттық әл-ауқат қорын басқарған Өмірзақ Шөкеев туралы сөз қозғалады.

Тағы бір хат алмасуда Өмірзақ Шөкеевтің АҚШ-тың бұрынғы қаржы министрі Лоуренс Саммерспен кездесулері туралы айтылады. Саммерс Эпштейннің ең жақын ортасына кірген тұлғалардың бірі болған. Ол 2025 жылдың қараша айында Эпштейнмен байланысына байланысты барлық қызметінен кеткен.
АҚШ Әділет министрлігі жариялаған жаңа құжаттар Эпштейн ісіне қатысы бар ықпалды тұлғалар шеңберінің қаншалықты кең екенін тағы бір мәрте көрсетіп отыр.