Джо Байден сайлаудан бас тарту себебін айтты

24 шілде күні кешке АҚШ президенті президенттік сайлаудан бас тартуына байланысты Америка халқына үндеу жасады. Джо Байденнің сөзі 11 минутқа созылды, деп хабарлайды BBC.
Байден өз шешімін «демократияны қорғау мәселесі» деп атады және партияны біріктіру үшін жеке амбицияларын құрбан ету керек екенін атап өтті. «Мен бұл постты бағалаймын. Бірақ мен өз елімді көбірек жақсы көремін», - деді АҚШ президенті.
«Мен президент ретіндегі жетістіктерім, әлемдегі көшбасшылығым, Американың болашағына деген көзқарасым екінші мерзімге лайық деп санаймын. Бірақ біздің демократия барлығынан биік болуы керек. Бұл жеке амбицияларға да қатысты. Сондықтан мен алға қарай апарар алауды жаңа ұрпаққа беру керек деп шештім. Бұл біздің ұлтты біріктірудің ең жақсы жолы», - деді Байден.
АҚШ президенті өз сөзінде Демократиялық партиядан президенттікке үміткер болатын вице-президент Камала Харристі де қолдады.
«Ол тәжірибелі. Ол қатал. Ол қабілетті. Ол біздің ел үшін керемет серіктес және көшбасшы болды. Енді таңдау еркі сізде», деді Байден.
Айта кетейік, 21 шілдеде Джо Байден президенттік сайлаудан бас тартқанын жариялады және өзінің вице-президенті Камала Харристі Демократиялық партияның кандидаты ретінде мақұлдады.