15:08, 18 Тамыз 2023
Дзюдодан әлемдік Гран-при жарысына Қазақстаннан кімдер барады?

18-20 тамыз күндері Загребте (Хорватия) өтетін Гран-при жарысында еліміз намысын қорғайтын дзюдошылардың тізімі белгілі болды.
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, әлемдік бәсекеге 83 елден 500-ден аса спортшы қатысады деп жоспарланған.
Гран-приге аттанатын қазақстандық спортшылар:
Әйелдер
48 келіде:
Әбиба Әбужақынова
Ерлер
60 келіде:
Дамир Болатбеков
Мерей Марханбетов
66 келіде:
Есет Қуанов
Айболат Ыстыбай
73 келіде:
Бақытжан Абдурахманов
Дархан Қойбағар
81 келіде:
Айбар Мұқышев
-100 келіде:
Бекзат Шағатаев
Ислам Бозбаев
+100 келіде:
Жамбыл Тұрғыналиев