Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:32, 23 Наурыз 2022

ЕАЭО елдері интернет-дүкендегі бажсыз сауда шегін көтереді

None
None

Құрамына Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь және Қырғызстан кіретін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері жеке тұлғалардың шетелдік интернет-дүкендерде бажсыз сатып алуының шекті шегін 200-ден 1000 еуроға дейін арттыруға келісті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Ресей үкіметтің хабарламасына сілтеме жасап.

«ЕЭК кеңесі (Еуразиялық экономикалық комиссия. — Ескерту) Ресейдің бажсыз сатып алу шегін ұлғайту туралы ұсынысын мақұлдады. Сәлемдеменің салмағына қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады — 31 келіден аспайды. Қабылданған шешім 2022 жылдың 1 қазанына дейін жарамды», — делінген хабарламада.

«Бұл шешім достық мемлекеттердің шектеулеріне қарамастан, азаматтарға таныс тауарларға қол жеткізуге мүмкіндік береді», — деді РФ үкіметі.

«Адамдарда таңдау мүмкіндігі болғаны маңызды. Бажсыз шекті көтеру азаматтарға шетелдік интернет-дүкендерде сатып алуды жалғастыруға мүмкіндік береді, олардың кейбіреулері „Мир“ картасымен төлем қабылдайтындығы тіпті ынғайлы», — деді Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин.

Тегтер: