Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:17, 30 Қазан 2024

ЕАЭО елдеріне Қазақстан аумағынан қант экспорттауға тыйым салынды

а
Фото: gov.kz
Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметтері бойынша, Қазақстан азық-түлік тауарларының бағасының өсу қарқынында ең төменгі көрсеткіште Армениядан кейін екінші орынды иеленді.

Қазақстанда бұл көрсеткіш 2,9%-ды құрады, Ресейде 4,5%, Беларусьте 3,7%. Қыркүйек айында Қазақстанда жылдық инфляция 8,3%-ға дейін баяулады, азық-түлік бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 5,1%-ға дейін төмендеді.

9 айдың қорытындысы бойынша азық-түлік бағасы тамыз айымен салыстырғанда тұрақты қалды. 7 тауар бойынша көрсеткішке төмендеген. Оның ішінде сәбіз, күріш, жұмыртқа, қырыққабат, қарақұмық, күнбағыс майы және ұн бар. 

Сонымен қатар, Ресей тарапынан қант экспортына енгізілген шектеу шараларына байланысты ішкі нарықты қорғау мақсатында 14 маусымнан 31 тамызға дейін ЕАЭО елдеріне және үшінші елдерге Қазақстан аумағынан қант экспорттауға тыйым салынды. 

Тегтер: