Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:48, 29 Тамыз 2022

ЕЭО-қа мүше елдерді қымбатшылық қатты қысып тұр

None
None

 ЕЭО-қа мүше елдерді қымбатшылық қысып тұр Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерді қымбатшылық қысып тұр.

Өткен алты айда азық-түлік бағасы 13 пайызға өскен. Бес елдегі ұлттық валютаны айырбастау бағамы да айтарлықтай өзгеріпті. Соның салдарынан инфлияция өсті Жас Алаш КТК.kz-сайтына сілтеме жасап.  

Қырғызстанда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында  Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов осындай проблемаларды қозғады.

Жағымды жаңалық та жоқ емес. Бірінші жартыжылдықта түрлі кедергілерге қарамастан Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы сауда айналымы бес пайызға дейін өскен. Смайыловтың айтуынша, одақ ішіндегі экспортты дамыту үшін тауар тасымалының еркіндігіне жол ашу керек. Ал өзара саудада шектеулері бар басқа мемлекеттер тауармен қамтамасыз етілу үшін жағдай жасалуы тиіс. Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларус пен Армения премьер-министрлері бірқатар көпжақты құжаттарға қол қойды. Шолпан-Атадағы басқосуда биыл Қазақстан мен Қырғызстан тарапы өзара сауда көлемін 2 миллиард долларға ұлғаятуды көздеп отырғаны да белгілі болды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

— Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде кедергісіз сауда-саттық алаңы болуы тиіс. Бұл келісімшартта нақты жазылған. Бұл жерде өкілеттіктер берген комиссия жетекші рөл атқаруы керек. Соңғы жағдайларға байланысты әр ел өздігінше біржақты тәртіп енгізуге мәжбүр болды. Енді сол шектеулерді жою тетіктерін анықтау қажет. Бірыңғай сыртқы саудада біз бірінші кезекте ішкі өндірушіні қорғаймыз деп келістік. Алайда одаққа мүше басқа да мемлекеттер тауарсыз қалмауы керек. Ол үшін үшінші елден тауарларды жеткізу шарттарын жеңілдетуге тиіспіз.

ktk.kz 

Тегтер: