Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 08:58

Екі қазақстандық АҚШ-тан пошта арқылы есірткі алдырған

1
Фото: из открытых источников

Қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті сәлемдеме деген желеумен АҚШ-тан есірткі жеткізу фактісін анықтады.

Ведомствоның мәліметінше, жедел-іздестіру итінің көмегімен тексеру барысында кедендік бақылау аймағындағы уақытша сақтау қоймасынан жалпы салмағы 1 келіге жуық есірткі заты «гашиш» табылып, тәркіленді.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жүргізілген мониторинг нәтижелері «Қазпочта» АҚ-ның қалалық бөлімшелерінің бірінде сол алушыларға жіберілген тағы бір сәлемдеменің ішінде күшті әсер ететін психотроптық зат – тетрагидроканнабинол және оның изомерлері табылғанын көрсетті. Салмағы 7 грамнан асады», - деп хабарлайды AFM баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, іс бойынша сотталушылардың бірінің пәтерін тінту кезінде есірткі заттары, орау материалдары мен таразылар табылды.

«Соттың шешімімен іс бойынша екі айыпталушы кінәлі деп танылып, 8 және 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Тегтер: