Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:42

Екі күнде Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 2,1 мыңнан астам азамат қайтарылды 

1
Фото: ашық дереккөз

Кейінгі екі күн ішінде Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 2,1 мыңнан астам азамат жеткізілді. Бұл туралы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, 3 наурыздан бастап Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 12 әуе рейсі орындалған. Осы рейстер арқылы елге 2111 қазақстандық оралды.

«Бүгін жоспарланған рейстерді ескерсек, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға шамамен 4 мың азамат жеткізіледі», – деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті.

4 наурыздан 5 наурызға қараған түні Air Astana және FlyDubai әуе компанияларының бес рейсі орындалды. Осы рейстермен Қазақстанға 851 адам жеткізілді.

5 наурызға мына рейстер жоспарланған:

  • Air Astana – Джидда – Ақтау – Алматы бағыты
  • Air Astana – Джидда – Атырау – Алматы бағыты
  • SCAT – Маскат – Алматы (екі рейс)
  • Air Arabia – Шарджа – Алматы

Комитеттің мәліметінше, күн соңына дейін осы бағыт бойынша тағы бір рейс орындалады.

Сонымен қатар FlyDubai әуе компаниясы Дубайдан Алматы мен Астанаға рейстер орындауды жоспарлап отыр. Алайда бұл рейстердегі жолаушылар саны әзірге нақтыланбаған.