Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:22, 04 Қараша 2024

Екі жасөспірім аниме жанрындағы суицидтік тапсырмаларды орындаған

1
Фото: из открытых источников

Бас прокуратура екі жасөспірімнің Telegram-нан суицидке апаратын тапсырмаларды орындағанын және мұның барлығы аниме жанрында болғанын хабарлады.

Агенттік Telegram мессенджеріне мониторинг жүргізіп, балалардың суицидін тікелей насихаттайтын заңсыз контенті бар күдікті арналарды анықтады. Барлығы 8 осындай басылым табылды.

Екі жасөспірім өз-өзіне қол жұмсауға әкелетін тапсырмаларды орындаған.

«Заңды өкілдермен тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, аталған балаларға психологиялық көмек көрсетіліп, уәкілетті органдар бақылауға алынды», - деп хабарлады Бас прокуратура.

Қазіргі уақытта бұл топтарға кіруге Cybernadzor ақпараттық жүйесі арқылы тыйым салынған.

Бұған дейін Ақмола облысының прокуратурасы 14 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсамас бұрын интернеттен қарапайым түйіннің алты әдісі мен қайта туылу нұсқаулығы туралы материалдарды іздегенін хабарлаған.

Ал, жетінші сыныптың екі оқушысы қайтыс болғаннан кейін Балалар құқығын қорғау комитеті балалардың киберқауіпсіздігі туралы айтып, ата-аналардан телефондарын тексеруді сұрады. Бұған «Көгілдір киттің» аналогы «Қызыл дельфин» өлімге әкелетін ойын туралы қауесеттің таралуы себеп болып отыр.

Тегтер: