Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:21, 31 Қаңтар 2026

Екібастұзда «Богатырь Көмір» қызметкері қаза тапты

Шахта
Фото: ашық дереккөз

Екібастұз қаласында Богатырь Көмір ЖШС-нің слесарі өндірісте ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды. 

Павлодар облысы бойынша Еңбек инспекциясы комитеті департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 28 қаңтар күні «Молодёжная» станциясында болған. Алдын ала деректерге сәйкес, дизель отынымен суару қондырғысын жанармаймен толтыру кезінде кәсіпорын қызметкері жарақат алған.

"Зардап шеккен адам Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді, алайда алған жарақаттарының салдарынан кейіннен қайтыс болды", — деді Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыров.

Қаза тапқан ер адам 1982 жылы туған, аталған кәсіпорында слесарь болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта еңбек инспекциясы қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2025 жылдың қараша айында да «Богатырь Көмір» кәсіпорнында тағы бір жұмысшыны электр тогы соғып, қаза тапқаны хабарланған еді.